Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтiшевтi қалай өлтiргенiн көрсеттi (ВИДЕО)

34
6716

Таразда Тұран Әлем Банкiнiң бұрынғы төрағасы Ержан Тәтiшевтi өлтiрдi деп айыпталып отырған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди iсiне қатысты сот процесi жалғасуда. Бүгiн сот отырысында тараптар Мұратхан Тоқмәдиге қатысты қылмыстық iспен танысып, оның сотқа берген жауаптарын тексердi. Сондай-ақ, тергеу барысында оқиға орнында түсiрiлген видеоны қарады. Видеода Тоқмәди Тәтiшевтi қалай өлтiргенiн көрсеттi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Бейнетүсiрiлiм Ержан Тәтiшевтiң өлiмiн тергеу барысында түсiрiлген. Онда Мұратхан Тоқмәди оқиға болған күндегi, яғни аңға шыққандағы сәттi баяндайды.

«Бiз көлiкпен сағатына шамамен 60 шақырым жылдамдықпен келе жаттық… Ержан маған қаруды берiп жiбер дедi. (Тәтiшев рөлде отырған – авт.) Мен Козликинге (көлiктiң алдында отырған Сергей Козликин – Тәтiшевтiң оққағары – авт.) қаруды бердiм. Ол қорапта жатқан оқпен қаруды оқтап, далаға атпақшы болды. Сонда Ержан қаруды өзiне алып, Козликинге «сен бе аңға келген?» деп, сол жағынан көздеп, бiр рет далаға оқ атты. Одан кейiн Ержан маған қаруды бере бастады. Ал, мен оны осылай аттым», – деп Тоқмәди видеода Тәтiшевтi қалай өлтiргенiн көрсеттi.

Бейнекөрiнiстен байқағанымыздай, Ержан Тәтiшев көлiктiң арт жағында отырған Мұратхан Тоқмәдиге қаруды өзiне қаратып ұсынған. Ал Тоқмәди Тәтiшевтi желке тұсынан басына қарай атып жiберген.

34 ПІКІРЛЕР

  1. ах режиссер болганымда бир кино тусирер едим путь тохмади деп.путь драконага уксатып.баянга намек кылып жатканымгои тарих сеникиемес деп.

  2. Қылмыстық ең бірінші фигуранты Аблязов. Сондықтан Аблязов үшін ауыр жазаны қолдану керек.

  3. Ақша үшін адам өлтіру деген сұмдық нәрсе ғой. Аблязовтің көздегені тек қана билік болыпты ғой.

  4. ана озiн-озi уш рет атты деген агамызды кiм атты екен.
    ана уш бауырларынды кiм, тагы кiм бар.

  5. Дұрыс айтасыз. Қылмыстың өтеуі – жаза. Қылмыс жасаған екенсің онда оны мойыныңмен көтеруге тура келеді.

  6. Ұлтын кім білген? Ұлтында тұрған еш нәрсе жоқ. Кім болса да істеген қылмысына жауап береді заңның алдында.

  7. Тоқмадиді жазалау керек, сонымен қатар оған тапсырма беріп отырған Мұхтар Аблязов екенін біліп отырмыз. Енді олардың бәрін қатаң жазалау керек.

  8. Сонда біздің елде осы сараптаманы жасай алатын адам болмағаны болып тұрғой.Әйтпесе бұл істің орын алғанына осындай уақыт өтті емеспе? Ал бұл қылмыстық іс болса әлі талқыланып, сот жүріп жатыр.

  9. АҚШ-тан келген криминалисттер болмағанда сонда бұл іс сол баяғыша қала беретін бе еді. Мына видеодан да анық көрініп тұрған жоқ па? Дәлел тұр, бірақ бұрын сот шешімі басқа болған.

  10. Оңай құтылмасы анық, дәлелдің барлығы қарсы болып тұр, оның үстіне өз мойындағаны тағы бар

  11. Әй адамның қанын мойнына алып жүру оңай дейсің бе, бір-ақ күнде шындық белгілі болып отыр. Өзі келіп мойындап отыр

  12. Смеется тот к то смеется последним, он же думал что деньгами все можно купить, но нет наш закон не такой. Даже чтобы полностью убедиться экспертов позвали.

  13. Қазақтың осындай тепсе темір үзетін жігіттері бір бірін қырып жатқанына қарным ашиды. Сондағы бәрі қызмет, ақша үшін.

  14. Ұлты кім болса да адамды соншалық жауыздықпен өлтіруге хақысы жоқ еді. Енді жүр то случайно деп, то енді заказ бойынша деп.

  15. Түрмеде қанша жыл арқалайды екен мына Тоқмәди? Бизнесін шалықтатып, түк болмағандай жүр еді, бір күнде аяғы аспанға қарап қалды.

  16. Ұйғыр деп ойламаймын. Аты жөнін ұқсата алмай отырмын. Түрі кәдімгі қазақтың жігіті секілді.

  17. Бұл өлтірудің артында кім тұрғанын да ұмытпау керек. Мұхтар Әблязовтың бұл қылмысқа қатысы тікелей бар. Мұндай қылмыстардың қаншама уақыт өтсе де арты ашылып жатқаны дұрыс болған.

  18. Кездейсоқ атылып кетті дегенге сену қиын әрине. Тоқмәдидің туыстары шет елден эксперттер жалдаған еді, бірақ, ол эксперттер де қарудың өзгінен атылуын жоққа шығарды.

  19. Түбінде шындық ашылмай қоймайды ғой. Енді балық қылмысының жеті ашылып түгелімен мойындап өзіңе керек жазаңды ал ТОКМАДИ!

  20. Өзі талайларға ор қазып олардың жанын қианған адам, енді өзінің жаны мұнының ұшына келіп қиналдың ба бәлем, жегенің желкеңнен шыққыр деп айтатын еді үлкендер. ЕНді жазаларын алсын!

  21. Қылмыстың өтеуі – ЖАЗА! Шындық шырқырып тұрып шыққанда қалай екен. Бұлар жазасын беру кере. Қаншама адамның көз жасы бұраға тынштық бермес.

  22. Ұйғыр болса жақсы болар еді. Қазаққа қара жаппайтын. Қазақ деген атқа қара жауып елімізді масқаралады. Аблязовтің күшігіне айналып адам өлтірді. Екеуіде қатаң жазаға лайық!

  23. Ұйғыр болса жақсы болар еді. Қазаққа қара жаппайтын. Қазақ деген атқа қара жауып елімізді масқаралады. Аблязовтің күшігіне айналып адам өлтірді. Екеуіде қатаң жазаға лайық!

  24. кои знает ким екенин стеклянный король деп жазар еди смида.ким король екенин енди тусинген шыгар бишара.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз