МС Сайлаубек: Оқулықта мен туралы жазылғанына қуаныштымын

Назарбаев зияткерлік мектебіне  қабылдау үшін ұсынылған нұсқаулықта қазақстандық рэпер MC Сайлубек туралы жарияланған мәтін жұртты дүрліктірген болатын.  Ол өзі туралы ақпараттың оқу материалында жазылғанына қарсы болғандардың пікіріне мән бермейтіндігін айтты, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Today.kz мәліметіне сүйене отырып жазады.

МС Сайлаубек кітапша туралы пікірталасты әлеуметтік желіден білгенін айтады.

«Өзгелердің пікіріне мән бермеймін. Қаралайтындар мен қаскөйлер өте көп, бірақ олардың пікіріне түкіргенім бар. Бірақ маған қолдау көрсеткендерге алғысым шексіз. Оқулықта мен туралы жазылғанына қуаныштымын. Кітапты оқитын жастағы жастар менің тыңдармандарым», дейді Сайлаубек.

Рэпердің продюсері Аслан Бахытжанов оқулықта айтылған Сайлаубекке қарсы пікірлер жөнінде алаңдайтынын және МС Сайлаубектің кітапшада аты аталғандығы дұрыс болғанын айтады. «Сайлаубектің есімі БАҚ-та аталып жүргені жақсы. Өйткені 2017 жылы біз туралы ешқандай жаңалық болмаған. Ал енді Сайлаубекті тағы да айта бастады. Оны сынаушылар 2015 жылдың басында көп еді»,- деді ол. Сайлаубек 2018 жылға керемет жоспар құрған. «2018 жылы үйленетін ойым бар. Бұл менің арманым. Келіншектер көп болғанмен, қайсысын таңдарымды әлі білмеймін. Нүкте қойылған жоқ, тек үтірлер ғана. Мені қаттырақ сүйетін әйелге үйленем, себебі біз ұзақ уақыт бірге өмір сүруіміз керек. Маған тұрмысқа шыққысы келетін келіншектердің саны жетеу, олардың жастары 20 мен 35 жастар шамасында. Менің жасым 40-та. Жұртқа танымал болмай тұрғанда мені ұнататын әйелдер болмады, ал қазір міне бар» деді рэпер.

Сайлаубек Қытайда бейнеклип түсіретіндігін айтты. «Әуенін өзім жаздым. Ән менің өз тілімде болады», деді ол.