ОҚО орталығын Шардара қаласына көшіру ұсынылды
2018 ж. 23 ақпан
19165
190
ОҚО орталығын Шардара қаласына көшіру керек Өмір Шыныбекұлы Сонымен, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары бөлінді. Енді Шымкент қаласына "республикалық қала" статусы берілсе, облыс орталығын Шардара қаласына көшіру керек.
Орталық Азиядағы уникалды су қоймасының жағасында орналасқан Шардара қаласы облыс орталығы болса, туризмнің дамуы қарқындайды. Көзін таба білсе, Шардараның жағажайларын жайнатып, өзбек, тәжік, түрікмендерді Түркияға сандалтпауға болады. Оның үстіне бар болғаны 1.5 сағаттық жердегі 2 млн. тұрғыны бар Ташкент жағажайды адамсыз қалдыра қоймайды.
Бұл өз кезегінде Мақтаарал, Жетісай, Асықата, Сарыағаш, Келес аудандарындағы артық жұмыс күшін шаңсорғыш секілді өзіне тартып алады. Кейбіреулер айтып жүргендей облыс орталығын Түркістанға көшіруге қажеттілік жоқ. Ясауи кесенесі тұрғанда Түркстан адамсыз қалмайды.
Өмір Шыныбекұлы