Қаршадай қазақ баласы Шешенстан президентінің балаларын жекпе-жекке шақырды
2018 ж. 17 ақпан
9684
4
Алматыда кикбоксингпен айналысатын 10 жастағы Абай Тәжібаев видеоүндеу жолдап, Шешенстан президентінің балаларын жекпе жекке шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Ол кикбоксингпен 8 жасынан айналысады. Бір жыл бұрын Қадыровтың балалары 10 жас аралығындағы ММА белбеуін жеңіп алғанда, балам оларды айқайсқа шақырам деген мақсат қойды. Ол кезде рұқсат берген жоқпыз. Енді жаттығу жасап шыңдалып, олармен айқасқа шығуға дайын», – дейді әкесі Алмат Тәжібай.
2016 жылы Шешенстан президенті Қадыровтың балалары қатысып, үлкен ұлы Ахмат қарсыласын нокаутқа түсірген еді. Өзге екі ұлы да қарсыласын ұтқан болатын.