СЕМЕЙ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА

ммасимов 22 маусым күні Қазақстан Республикасы Премьер – министрі Кәрім Мәсімов Шығыс Қазақстан облысына келген арнайы іс сапарын Семей қаласынан бастады. Кәрім Мәсімов келгелі жатыр деген хабар 3-4 күн бұрын жеткенде қала әкімшілігі үйреншікті дайындық жұмысына кірісіп әбден әбігерге түсті. «Жас қазақ үні» апталық газетінің Семейдегі тілшісі ретінде қала әкімінің баспасөз хатшысы Оспанов Елубек деген жігітке арнайы жолығып Кәрім Мәсімов баратын нысандарға басқа журналистермен бірге қатысқым келетін ниетімді білдіріп келісімін алдым. .... «Аға, сізге өзім хабар беремін, Премьер – Министрмен бірге бар­лық нысандарға барасыз» ....деді. 21 маусым күні кешке таяу ұялы телофоныма қоңырау шалып ... «Ертең таңғы 7.00 – де қала әкімшілігінің алдынан ГАЗель микроавтобусымен барлық журналистер Курчатов қаласына жүреді. Ал Кәрім Мәсімов Курчатовке тікұшақпен ұшып келеді» деді. 2-3 сағаттан кейін ... «Аға, сіз таңертең 7.00 – де келмей – ақ қойыңыз, Курчатов қаласына тек қана Семей қаласында шығатын газеттердің журналистері ғана баратын болды. Ал Республикалық теле-радио және газет журналистері қатыстырылмайтын болып шешілді» ... деді. Бұл үрей ме, қорқыныш па, құпия ма, әлде бар өтірігімізді біліп қоя ма деп сақтанғандығы ма онысын білмеймін. Бірақ бүкіл Республика көлеміне тарайтын газет журналистерінен ат-тонын Кәрім Мәсімов ала кашыпты мыс. Кәрім Мәсімовке сілтеп, атын жамылып жүрген Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімовтың, әлде ШҚО әкімі Б.М.Сапарбаевтың сценарийі ме олда маған беймәлім. Өз басым жергілікті әкімдердің жіберген қателіктерімізді, кемшіліктерімізді біліп қоймасын деген қитұрқы әрекеті дегенге көбірек сенемін. Жергілікті «Семей Таңы» газетінің № 41 24 маусым күнгі Әсем Бапанова және Санат Нұрбаев атты журналистерінің мақаласынан алған мәліметтерге сүйене отырып және теледидардан көріп-естігенімнен осы мақаланы ұсынып отырмын. Семейде «Теплокоммуноэнерго» МКҚ-ның ЖЭС-1 де болып, қаланың алдағы қыс маусымына дайындығын тексерді. Өткен жылыту маусымында қаламыздағы 1 – ЖЭС- да 5 қаңтарда апат болып, бірнеше қазандықтың жұмысы тоқтатылғаны белгілі. Қаланың сол жағалауындағы бірқатар тұрғын үйлер жылусыз қалды. Осы кезде Премьер-министрдің тапсырмасымен құрылған республикалық комиссия апаттың себебін тексерді. Тексеру қортындысында басты себептердің бірі жылу орталығының жылыту маусымына дайындығы белгілі болған еді. Аталған кемшіліктерді жою мақсатында биыл республикалық бюджеттен жоспарды жүзеге асыруға және су жылытатын қазандықтың бірінші және екінші кезектерінің құрылысын аяқтауға 7 млрд-тан аса қаржы бөлінді. Кәрім Мәсімов ЖЭО-1 де күз-қыс маусымына дайындық барысымен, соның ішінде Семейді жылумен қамту жүйесін жаңарту және қайта жөндеу бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысты. Қаланы жылумен қамту бағытында атқарылып жатқан шаралар мен республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілуі туралы Шығыс Қазақстан әкімі Бердібек Сапарбаев толық ақпарат берді. Сонымен қатар, аймақ басшысы өз сөзінде 2011-2012 жылдарға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы мөлшері ЖЭО-1дегі қайта жаңғырту және жөндеу жұмыс­тарын толық аяқтауға жеткіліксіз екенін айтты. Үкімет басшысы бұл мәселені түбегейлі шешуді Қаржы министрлігіне жүктеді. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Семей қаласындағы № 1 ЖЭО-дағы құрылыстың жұмысымен танысқаннан кейін ат басын Курчатов қаласына бұрып, Ұлттық ядролық орта­лықтың жұмысымен танысты. Қырық жыл ажал уын шаш­қан Семей ядролық сынақ полигонының сол кездегі орталығы болған Курчатов қаласы қазір жаңа технологиялардың кешені. Қазақ елі үшін маңызы ерекше, міндеті айқын қалалардың бірі. Облысқа жұмыс сапары барысында Ұлттық ядролық орталықта болған үкімет басшысы алдымен осындағы № 54 ші ғимаратты аралап шықты. Бүгінгі күні жүргізіліп отырған жұмыстар жайында, өзге елдермен ынтымақтастық, ғылыми-тәжірибелік қарым-қатынастар сөз болды. Кәрім Қажымқанұлы бұдан соң 27 лабораториялық ғимараттың да жұмысымен танысты. Жан –жақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әлемдік зерттеудің қызық үлгілерін баса назарда ұстап отырған орталықтың тыныс-тіршілігіне зер салды. Орталықтың екі ғимаратының жұмысына оң баға берген үкімет басшысы Қазақстанда қолға алынған термоядролық- реакторлық Токмак электр қуатын өндіретін орталықты да назардан тыс қалдырмады. Жалпы құны 7 млрд. 467 млн. теңгені құрайтын құрылғы қазір тоқтап тұр. Іске қосу үшін 1млрд. 392 млн. көлемінде қаржы керек. Кәрім Мәсімов аталмыш технологияны тез арада іске қосу керектігін атап өтті. Радиациялық технологиялар кешенінде болған үкімет басшысы кешеннің басым бағыттағы жобалар бойынша жұмыс жасап жатқандарына көз жеткізді. Мұнай-газ құрылғыларын тазарту және дизактивациялау жөніндегі химиялық-техникалық мобильді кешен, рентген және гамма сәулелерін өлшеу және тіркеу үшін замануй жоғары сезімтал құралдар өндірісі, тағы да басқа иновациялық бағыттарға кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұдан соң технологиялық паркте болған Кәрім Қажымқанұлы парктің негізгі жұмыстарымен танысты. Аталмыш парк ҚР индустриалды-иновациялық дамуына, ядролық және іліспелі технологиялар саласына, ғылыми ауқымды жоғары техникалық компанияларға көмек көрсетуді мақсат етеді. Ол үшін жаңа және нанотехнологиялармен жұмыс жасай отырып, Отандық индустриялық-иновациялық жобаларды көтерумен жетілдіру қажет екенін атап өтті Үкімет басшысы. ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев Курчатов ауданын құру заман талабы, және де ұтымды қадам болар еді деген мәселені Кәрім Мәсімовтің алдында көтерді. Бұл аудан құрамына қазіргі Павлодар, Қарағанды облыстарының құрамына кіретін біраз жерлер өтеді деп жоспарлап отырмыз деді. Кәрім Мәсімов ол мәселе жөнінде құлағдар екенін, және де сіздің осы мәселе жөніндегі алдын ала жіберген құжатыңызбен танысқам, дегенмен бұл мәселені шешу үшін әлі біраз уақыт ойлануға тура келеді. Өз басым қарсылық білдірмеймін деді. Орымбек Сәрсенбин