Алматы облысында өгей әке үш жасар қызын тістелеп, мұрнын жұлып алды
2018 ж. 12 қаңтар
6104
1
Алматы облысында өгей әкесі үш жасар қызының денесін аяусыз тістелеп, мұрнын жұлып алған. Бұл туралы stan.kz хабарлады.
[caption id="attachment_217955" align="aligncenter" width="600"] Фото Г. Әбіқайдың инстаграм парақшасынан алынды[/caption]«Фотодағы үш жасар қыздың үстінен сау тамтық жоқ. Басынан башпайына дейін аяусыз тістелеп, бір уыс төбе шашы мүлдем жоқ. Ең сорақысы ұйықтап жатқан бөпенің мұрнын 1986 жылы туған Ринат Қоңқабаев тістеп, жұлып алған. Әлде жеп қойды ма, кім білсін. Мұрын еті сол күйі табылмады. 20 күн ауруханада жатқан Жансая бүгін анасымен үйге қайтуы керек. Алайда, басар тау, барар жері жоқ. Пәтерге оралса азаматтық жары Ринат күтіп отыр. Бұл мәселеге қатысты балаға шабуыл деп арыз жазылғанымен күдікті изоляторда бір күн отырып, босап шықты», – деп жазды желідегі парақшасына журналист Гүлмира Абықай.
Сондай-ақ ол үш жасар қызды аяусыз тістелеген адам бұрын сотталған азамат екенін айтқан. Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов аталған оқиғаны растады.
«Оқиға Талғар ауданында болған. 2017 жылдың 25 желтоқсанында арыз келіп түскен. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Ал күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Қазір аталған факті облыстық ІІД басшылығының тікелей қатаң бақылауында», – деді Көбейхан Нұрахметов.