Астанада мектеп оқушысы боранда жоғалып кетті
2018 ж. 11 қаңтар
2426
0

Бүгін Астанада боранда мектеп оқушысы жоғалып кетті. Бұл ақпаратты елорда ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бала 2009 жылы туған, 2-сыныпта оқиды, есімі Руслан. Ата-анасы сабақ болмайтынын айтып, үйден шықпауын ескерткен. Алайда бала тыңдамай, таңғы сағат 07:44-те мектепке барамын деп шығып кеткен. Қазіргі таңда полицейлер оқушыны іздестіріп жатыр", — деді ІІД жетекшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша, бала "Құлагер" ТК ауданында тұрады. Толығырақ мәлімет кейінірек қосымша хабарланады.
Айта кетейік, Астана қаласы білім басқармасы ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы 1-ден 11-сыныпқа дейінгі оқушыларға, сондай-ақ 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайтынын хабарлаған еді.