Н. Назарбаев: Азаматтық қоғам құрылғанда өзге ұлт өкілі де президент болып сайлана алады
2018 ж. 10 қаңтар
6141
32

Азаматтық қоғам құрылғанда өзге ұлттың өкілінің де президент болып сайлануға мүмкіндігі болады. Бұл туралы бүгін республикалық БАҚ беттерінде жарияланған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.
Елбасының пайымынша, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеру қажет.
- Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады. Кез-келген этникалық топтың өкілі кез-келген жұмысты таңдай алады, тіпті президент болып сайлануға да мүмкіндігі болады. Қазақстандықтар біртұтас ұлтқа айналады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске сала кетейік, бүгін республикалық басылымдарда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Жолдаудың толық мәнітімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар:
http://www.qazaquni.kz/2018/01/10/80191.html