ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖАҢА ЖЫЛДАН НЕ КҮТЕДІ
2018 ж. 02 қаңтар
2263
0
Елордамызда халықаралық EXPO көррмесінің өткізілуі, Қазақстанның үшінші жаңғыруының басталуы, әскерлерді Сирияға жіберу туралы ұсыныстар осы және басқа да оқиғалар мен бастамалар қазақстандықтардың көзімен. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы әлемдік экономика және саясат Институты (ӘЭСИ) «Ішкі саясат және әлеуметтік зерттеулер» бағдарламасының жетекшісі Серік Бейсембаев сонымен қатар еліміздің тұрғындары 2017 жылғы ең аты шулы оқиғаларға қандай пікірлер білдірді және осы жылы азаматтарды не алаңдатады.
#1 Қазақстан тұрғындары EXPO-ға қандай баға берді?
Еліміз үшін жылдың ең елеулі оқиғасы елордада EXPO халықаралық көрмесінің өткізілуі болды. Ағымдағы жылдың шілдесінде жүргізілген сауалнама көрсеткендей, қазақстандықтардың 60 пайыздан астамы бұл оқиғаны ел үшін пайдалы деп санады. Керісінше, бұл азаматтардың 29 пайызы пайдалы емес деп шешті. Айта кететіні, ай сайынғы табысы 100 мың теңгеден аспайтын отбасыларда осыған қатысты жиі сын пікірлер айтылды. Сонымен қатар, қызықты факт: сауалнаманы өткізу кезінде қазақстандықтардың 8 пайызы EXPO-ны тамашалап үлгерген, ал 9 пайызы ол жерге баруды жоспарлаған. Сонымен бірге ел тұрғындарының 60 пайызы Астанадағы көрмені көруге бармайтындығына сенімді болды. Олар негізінен ауыл тұрғындары (67%) және 65-тен асқан адамдар (73%).
#2 Қазақстандықтар үшінші жаңғыру туралы біледі ме?
Жыл басында Қазақстан үшінші жаңғыру басталғанын жариялады. Бүгінгі күні сауалнамаға сәйкес жаңа идеологиялық курс туралы қазақстандықтардың 60 пайызы қалай болғанда да хабардар. Сонымен қатар, тек 9 пайызы ғана жақсы хабардар, ал 49 пайызы жалпы идеяға ие. Қалған 40 пайызы қазақстандық биліктің стратегиялық бастамасы туралы білмейді.
#3 Қазақстандық әскерді Сирияға жіберу керек пе?
Жылдың ортасында ресейлік тараптың қазақстандық әскерді Сирияға бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияны жүзеге асыру үшін жіберу туралы бастамасы туралы мәлім болды. Бұл мәселеде қазақстандықтардың пікірлері бір жерде шоғырланды: 54 пайызы – «үзілді-кесілді қарсы», ал 31 пайызы – «қарсы». Мұндай бастаманы қолдайтындардың үлесі сұрағандардың тек 6 пайызы ғана болды.
#4 2017 жылы Қазақстан халқын қандай мәселелерді алаңдатты?
Қазақстандықтар үшін 2017 жылы бірінші кезектегі мәселе тұтынатын негізгі тауарлар пен азық-түліктің қымбаттылығы болып табылды. Азаматтардың 60 пайыздан астамы бұл мәселені өз отбасылары үшін өте маңызды деп атады. Азаматтардың 42 пайызы коммуналдық қызметтерге бағаның жоғарылауын өзекті мәселе деп атайды. Қазақстандықтардың инфляцияға деген алаңдаушылығы ақша жетіспеушілігінен туындағаны анық. Елдің әрбір екінші тұрғыны (46%) ағымдағы қажеттіліктерді қамтымайтын төмен табыстарға шағымданады.
#5 Сақтау және жұмсау. Жинақ ақщаңызды сақтап қойдыңыз ба?
Қараша айында жүргізілген сауалнама қазақстандықтардың басым бөлігі «табысты таптым және жұмсадым» тәртібінде өмір сүргенін көрсетті – респонденттердің 58% -ы биылғы жылы ештеңе жинаған жоқ және жалақыдан жалақыға дейін тұратынын айтты. Халықтың бестен бір бөлігінің жағдайы тіптен мүшкіл: респонденттердің 17 пайызы қолда бар жинақ ақшаларын жұмсау керек деп есептеді, ал 4 пайызы биыл қарызға ақша алды. 2017 жылы қазақстандықтардың 20 пайызы ақшаны жинақтауға қабілетті болды, олардың ішінде кәсіпкерлер әлдеқайда жиі кездеседі.
#6 Қазақстандықтар келесі жылдан не күтеді?
Сауалнаманың қорытындысы бойынша қараша айында еліміздің тұрғындары болашағына қатысты сақ көзқарас басымдыққа ие – азаматтардың үштен бірінен астамы (35%) алдағы жылы олардың отбасылары біршама жақсы өмір сүретін болады деп санайды. Тұрақты түрдегі оптимизм халықтың 8 пайызына тән («біз әлдеқайда жақсы өмір сүреміз»). Сонымен бірге, қазақстандықтардың басым бөлігі (41%) консерваторлық көзқарасқа ие және «қазіргі сияқты өмір сүреміз» 2018 жыл осы жыл сияқты болады деп болжайды және келесі жылы тұрғындардың тек 8% өз отбасыларының өмір сүру деңгейінің нашарлауын күтуде. Осылайша, сауалнамалар бойынша 2017 жылы қазақстандықтар халықаралық және ішкі саяси оқиғаларды белсенді талқылады.
Алайда қарапайым азаматтардың негізгі күн тәртібі әлеуметтік-экономикалық сипатта болады. Адамдар, ең бастысы, бағаның өсуі мен төмен табыстарға алаңдайды. Бірақ, бұған қарамастан, болашаққа деген сенім – Жаңа жыл қарсаңында күшейтілетін сезім – қазақстандық қоғамның ажырамас бөлігі болып қала береді.
Ескерту: Сауалнамалар шілде мен қараша айларында Алматы және Астана қалаларында 14 облыста және қалаларда жүргізілді. Іріктеме өңірлер мен елді мекендер бойынша көп деңгейлі бөліктелген және респонденттердің жынысына, жасына және этникалық сипаттамаларына квоталық іріктелген. Іріктеме 18 жастан асқан елдің ересек тұрғындарын білдіреді. Іріктеме мөлшері – әрбір жағдайда 2 200-ден астам респонденттерден тұрады.
Tengrinews.kz