Талғат Мұсабаевтың қазақтар туралы не дегенін білесіз бе?

[caption id="attachment_79018" align="aligncenter" width="640"] Фото авторы Анар Бекбасова, ratel.kz[/caption]

Желтоқсанның 12 күні терроризм мен экстремизмге қарсы тұрудағы заңнаманы жүзеге асыру бойынша Сенатта өткен жиында белгілі ғарышкер, депутат Талғат Мұсабаев қазақтарға қатысты даулы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі ratel.kz-ке сілтеме жасап.

"Сауд Арабиясының қазіргі ұстанатын діні қазақтардың дүниетанымына қайшы келеді" деген сенатор Жақсыбековтың сөзін қостаймын деген Мұсабаев қазақтарға қатысты оғаштау сөз айтты.

- Тек қана қазақтар арақ ішкеннен кейін бата береді. Біздің мұсылмандық - ең дұрыс. Осындай салт-дәстүр бізде. Бұған ештеңе істей алмайсыз. Ал мына келімсектердің (сәләфиттер - ред) істеп жатқаны ақылға қонбайды. Меніңше, олармен Ұлттық қауіпсіздік қызметі айналысу керек, - деді Мұсабаев.