Терроризмді насихаттаған тұрғындар тұтқындалды
2017 ж. 30 қараша
3016
0
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарын қатыстырумен терроризмді насихаттау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде Ақтөбе қаласының төрт тұрғынын қолға түсірді.
Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. Тінту барысында қолдан қысқартылған аңшы мылтығы мен оған арналған оқ-дәрілер, травматикалық және газ тапаншалары, қолдан жасалған пышақтар, деструктивті діни мазмұндағы әдебиет және электронды ақпарат тасымалдауыштар алынды.
Көрсетілген адамдар тұрақты түрде жиындар ұйымдастырған деп күдіктеледі, олардың барысында дінге сенушілерді Қазақстанда тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымын қолдауға үгіттеген. Тергеу іс-шаралары жалғасуда.
qazaquni.kz