Ардагерге құрмет көрсетілді
2017 ж. 30 қараша
1830
0
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қолдауымен ҚР ҰҚК бірінші төрағасы, құрметті қызметкері, профессор, генерал-лейтенант Болат Баекеновтың 75 жылдық мерейтойына орай салатанатты шара ұйымдастырылды. Мерейтойлық шараға құрылымдық бөлім басшылары, комитеттің қызмет бөлімдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Комитет төрағасы Кәрім Мәсімов өз сөзінде Болат Әбдірахманұлы өз ісіне берілген мемлекеттік қайраткер әрі Отанының патриоты екендігін айтты. Маңызды мемлекеттік лауазымдарға ие бола отырып, үнемі Президенттің үмітін ақтағанын, өмірлік қағидаларына берік бұл жанның қызметіне адал болып, адамдық қалпынан таймағанын атап өтті.
Б.Баекенов Ұлттық қауіпсіздік қызметі құрылған тұста орасан зор міндеттердің басы-қасында болып, егемен еліміз бен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысты. Еліміз үшін қиын кезеңде Ішкі істер министрлігін, Президенттің Күзет қызметін басқарып, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы ретінде қызмет атқарды.
Мерейтой иесі шара соңында барлық Комитет құрамына алғыс айтып, қызметіне сәттілік тіледі.
qazaquni.kz