АМЕРИКАЛЫҚ САРАПШЫЛАРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
2017 ж. 30 қараша
1779
0
Оңтүстік Қазақстан облысында кинологтардың бір айлық оқу курсы басталды. Кинологиялық алаңда ұйымдастырылған «Кинолог мамандармен қызметтік-іздестіру иттерін есірткі заттарын іздестіруге даярлау» атты шара ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР АҚШ Елшілігі Әскери ынтымақтастық бөлімінің Есірткіге қарсы күрес бағдарламасының бастамасымен өтуде.
Оқу курсына АҚШ-тан арнайы сарапшылар ретінде оқытушы-кинологтар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісуде. АҚШ Елшілігі Әскери ынтымақтастық бөлімінің Есірткіге қарсы күрес бағдарламасының директоры Кристофер Кент пен АҚШ-тан келген оқытушы-кинологтар әлемнің озық тәжірибелерін көрсетіп, жергілікті қызметкерлермен бірлесе жаттығулар өткізеді. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 10 ай мерзімінде оңтүстікқазақстантандық кинологтар қызметтік-іздестіру иттерінің қолдануымен есірткі контрабандасының 46 дерегін анықтап, заңсыз айналымнан жалпы көлемі 863 гр. есірткі заттарын тәркілеуге қолғабыс етті. Сондай-ақ, ҰҚК-нің қызметкерлерімен бірлесе жүргізілетін жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы көлемі – 557 гр. есірткі заттары алынды.
qazaquni.kz