Оқушылар нашақорлықпен күрес науқанында белсенділік танытты

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері «Жастар нашақор­лыққа қарсы» атты науқанға қатысты. Облыстық ішкі істер департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасы мен білім беру басқармасы, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырған шарада мектеп оқушылары белсенділік танытты. Жастар арасында нашақорлықтың алдын-алу мен мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткен шара аясында «Жас­тар арасында нашақорлықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстелде балалар «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» тақырыбында шағын жарнамалар дайындап, «Біз – жастар, спортты және салауатты өмірді таңдаймыз» атты спорттық би жарыстары өтті. Сайысқа облыстың қала-аудандарынан келген 10 топ қатысты. Балалар сондай-ақ, өздерінің білімдерін түрлі спорттық жаттығулар мен бимен көрсетті. Бидің типтоник, брэйкданс, хип-хоп сияқты түрлерін биледі. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында флешмоб өткізді. Байқау қорытындысымен барлық жеңімпаздар грамоталар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, оқушылар полицейлермен кездесті. Онда нашақорлықтың алдын-алу тақырыбы қызу талқыланды. Тәртіп сақшылары оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, оларға есірткі заттарының зиянын түсіндірді. Салауатты өмір салтының мәнін ұқтырды. qazaquni.kz