Телевидение және радио Ұлттық комитетінің шешімімен Украинада «Илья Муромец пен қарақшы Бұлбұл» және «Орыс батырлары туралы ертігелер» атты кітаптарды сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Коммерсантъ» газетінің 5 желтоқсан күні шыққан санына сілтеме жасап.
Украинада орыс батырлары туралы ертегілерге тыйым салынды
2017 ж. 06 желтоқсан
4125
2
Басты себеп осы екі кітаптың Украинада да басылып шығатынында болып отыр. Газет тілшісіне сұхбат берген Украина билік өкілі Киевтің ертегі кейіпкерлеріне, әсіресе Муромец Ильяға қатысты еш қарсылықтарының жоқ екенін айтып өтті.
«Олардың қуаты Киев үңгірлерінен бастау алады. Ол туралы кітаптарды украиналық басылымдар да басып шығарады. Сол себепті, бұл ертегілерді Ресейден әкелудің еш қажеті жоқ», — дейді ол.
Бір жыл ішінде Украинада 19 ресейлік басылым кітаптарының сатылуына тыйым салынды. Олардың ішінде Борис Акуниннің екі шығармасы бар. Ресейден рұқсатсыз әкелінген кітаптарды сатуға тыйым салу туралы заң мамыр айында өз күшіне енді. Бірақ, Ресейден бұл кітаптарды кез келген адам өзімен бірге ала келе алады. Тек саны оннан аспауы тиіс.