Перуашев жер қойнауын пайдаланудағы жемқорлық жайында мәлімдеме жасады
2017 ж. 17 қараша
3460
0
Парламенттің төменгі палатасының кезекті отырысында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілетін түзетулер талқыланды. «Ақ жол» партиясы жетекшісі, ҚР Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда жер қойнауын пайдалану саласында пара беру мен корпоративтік жемқорлық жайлы мәлімдеме жасады.
«Ең алдымен жергілікті қамту мәселелері бойынша осы заң жобасына қатысты сұрақтар бар. Аталмыш заң жобасында ресми түрде жарияланған ашықтық, айқындық және бәсекеге қабілеттілік мәлімдемелерінің бәріне бірқатар наразылық пен күмән туындап отыр. Мысалы, қазақстандық қамту жайлы ақпаратты құпия мәліметтер қатарына жатқызу ұсынылуда. Не себепті? 2002 жылдан бастап кен өндіруші компаниялардың ашықтығы туралы бастама жарияланып, Қазақстан 2005 жылдан бастап осы бастамаға қосылды. Шетелдік және біздің жер қойнауын пайдаланушылар жергілікті жабдықтарды, тауарларды сатып алу талаптарын қаншалықты орындайтынын қоғам білуге толық құқылы және жергілікті қызметкерлер жұмысқа қабылдана ма?», – деп атап өтті Азат Перуашев.
Депутат елдегі кез-келген ірі жер қойнауын пайдаланушылар төңірегінде сырттан ешкімді жолатпайтын, жабдықтаушылар мен мердігерлердің дәстүрлі пулы қалыптасқандығы туралы ашық айтты. «Онда пара беру, корпоративтік жемқорлық та орын алады, ол туралы да айту керек. Қарапайым бәсекелестікті шектеу және аффилирлену орын алуда. Егер біз қазір, осы мәселелерді реттеу функцияларын қандай да бір қауымдастыққа бағыттасақ, онда дәл осы жерде айтайын, бұл – корпоративтік жемқорлықты заңдастыру болып шығады», – деді Азат Перуашев.
qazaquni.kz