Меморандум ертеңгі күнге сенім береді
2017 ж. 17 қараша
3508
0
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бағдат Азбаевпен кездесті. Кездесу барысында жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысы, жай-күйі және облыс тұрғындарын осы жүйемен қамту мәселесі талқыланды. Ресми деректерге сәйкес Батыс Қазақстан облысы халқының саны 636,9 мың адамды құрайды. Олардың ішінде 336 мың адам – экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындар (53%). 2017 жылғы 1-қазандағы жағдай бойынша облыста міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша 357,3 мың шот тіркелген. Ал зейнетақы жинақтарының көлемі 289 млрд. теңге болды. Бұл Қазақстан Республикасы бойынша барлық зейнетақы жинақтарының 4 пайызын құрайды.
Облыс бойынша бір зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 821 мың теңгені құрайды. Бұл орташа республикалық шамадан жоғары (республика бойынша 816 мың теңге). Облыс мұнай және газ индустриясының дамуына байланысты маңызды өнеркәсіптік мәнге ие. Қазақстан бойынша газ конденсатын (газ қоймалжыңы) өндіру көлемінің 99 пайызы және газ өндіру көлемінің жартысы осы өңірге өндіріледі. Облыста жұмыс істейтін 175 кәсіпорын өздерінің 7,3 мың жұмыскері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады. Бұл шоттардағы зейнетақы жинақтарының көлемі 2,5 млрд теңге болды. Бұл республика бойынша міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары көлемінің 2 пайызын құрайды.
Кездесу қорытындысы бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы Меморандумға қол қойылды. Осы келісімге сәйкес алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, зейнетақы жинақтарының негізі және салымшының құрметті демалысқа шыққан кездегі тіршілігін қамтамасыз ету көзі ретінде зейнетақы жарналарының тиімділігін дәріптеу бойынша бірлескен игі шараларды жүзеге асыру көзделеді. Сонымен қатар БЖЗҚ Меморандум аясында әкімдіктің қолдауымен жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдарда облыс тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялайтын болады.
Бұдан басқа, кездесу барысында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі жайында мәлімет берілді. Қазіргі таңда облыста Қордың 15 бөлімшесі – облыстық филиал мен дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.Өз кезегінде Сәуле Егеубаева ағымдағы жылдың тамыз айында осы жылы қолданысқа енгізілген электрондық сервистердің қатарына жаңа сервис – БЖЗҚ сайты арқылы салымшының деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қызметі туралы әңгімеледі. «БЖЗҚ» АҚ өзінің көрсететін қызметтерін салымшылар үшін барынша қарапайым және қолжетімді етуге күш салып жатыр.
Түстен кейін Сәуле Егеубаева Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұжымы және өңірлік бөлімшелердің басшыларымен жұмыстық кездесу өткізді және операциялық бөлімнің жұмысымен танысты. Орталық ұжымымен болған жұмыстық кеңес барысында қор бөлімшелерінің жай-күйі, оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету және ел өңірлерінде жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22-тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
qazaquni.kz