Алматыда көшелерге елімізге белгілі тұлғалардың есімдері беріледі

Картинки по запросу улицы алматы   "Рухани жаңғыру" бағдарламасы өмірдің көп саласына өзгерістер әкелуде.

Алматыда көшелерге Ш.Айтматов, Г.Бельгер, Т.Бигелдинов, Е.Серкебаев, Қ.Кенжетаев, С.Калмыков, Қ.Мырзалиев сынды тұлғалардың есімдері беріледі.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, мегаполисте 42 көшеге еліміздің дамуына үлес қосқан қайраткерлер есімі беріледі, қалғандары географиялық атауға, қазақстанның тарихы мен мәдениетіне, дәстүріне орай аталатын болады.

«Ш.Айтматов, Г.Бельгер, Т.Бигелдинов, Е.Серкебаев, Қ.Кенжетаев, С.Калмыков, Қ.Мырзалиев, Алматы апортының «әкесі» атанған  Е.Редько  және басқалардың есімдерін алған көшелер пайда болады», делінген әкімдік хабарламасында.

Еске салсақ,   Алматыда бұрындары бірін-бірі қайталайтын 100 көше атауы өзгерген болатын. Қалаға қосылған елді мекендерді есептегенде мегаполисте Абай атында - 12. М. Әуезов атында -3, Ж. Жабаев атында -13, Құрманғазы атында - 6, Төле би атында - 5, Қазыбек би атында - 3, Әйтеке би атында - 3, Райымбек батыр атында - 8, Наурызбай  батыр атында - 4, Қарасай батыр атында - 8, Байтұрсынов атында - 4, С. Сейфуллин атында - 5, Ә. Молдағұлова атында - 6, М. Мәметова атында 6 көше аталған екен.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша мемлекеттік органдар базада көше атауы өзгерген соң қажетті анықтамаларды электронды үкімет порталынын немесе ХҚКО-дан бірнеше минут ішінде ала алады.

Әрине, бұл көшелердің жаңарып, есімі белгілі тұлғалар есімін иеленуі  ел күткен жақсы жаңалық деп білеміз.