ДОСҚАЛИЕВТІҢ ДЕРЕГІ НЕНІ МЕҢЗЕЙДІ..?

ДоскалиевДенсаулық министрінің қызметінде болған Жақсылық Досқалиевтің ісі көп уақыттан бері дабыраға айналып келеді. Оның мемлекетке миллион теңге зиян шектірді деген айыпқа кешегі сотта айтылған сөздері төтеннен өзге арнаға бұрылғандай болған-ды. Сонымен, Досқалиев сот отырысында былай деген: «Шын мәнінде, нысанның кілтипаны болды, раыснда мердігерде тәртіп болмады, тіпті оны бітіру сәтінде ғана қолға алдық... Желтоқсанның басында – қарашаның соңында барғанымда, олар оны тапсыруға дайындалып жатты...» Ол өз сөзінде берілген нысанды толықтай қарап шыққанын және ондағы толып жатқан кем-кетіктерді көріп тұрып, ғимараттың жұмысқа жарамдылығына күмән келтірген айтады. Қабылдаудың болмайтынын айтқан ол ЖШС «Окан Констракш» қықзметкерін өзіне келуін тапсырған. Аталған құрылыс компаниясы Досқалиевтің қабылдауында болмағандықтан, экономикалық сот арқылы компанияның барлық жылжымас мүліктеріне деген есепшоттарды қамаған. Сол бетте ізім-ғайым жоқ болған ЖШС «Окан Констракш» Досқалиевке қаңтарда бірақ келген. Сол арадағы кездесудің қатал түрде өткенін хабарлаған Жақсылық мырза құрылысшы тарапынан өктем сөздер айтылғанын да жасырмады. Ол сонымн қатар, бітпеген жұмыстың барлығын қайтадан қалпына келтіруін талап еткенін айтып, сөз соңын былай түйіндеді: «Мәртебелі, мен былай дегім келеді: маған мердігерден қандай да бір қосымша ақы сұрайтындай негіз жоқ, мен оны, ант етейін, істеген емеспін». Әңгіме арқауына негіз болып отырған иститут ғимараты бұрынғы министр Анатолий Дерновойдың қызметінде 92 пайызға жуық мөлшермен орындалған екен. Ол содан бүгінгі айыпкер орындығында отырған Досқалиевке міндеттелген жұмыс болған. Тағы да бір ауыр қылмыс сөз болды. Астана медецина академиясының ректоры болған Досқалиев Жақсылықтың тоғыз пәтерді жекелендіріп алған деген айыпқа ол былай деп жауап берді: «Әуелі ЖШС «999» сосын, «Астана КБТ» ЖШС-лармен арадағы келісім-шарттарға жасалған талдама қандай да бір үстеме ақы төлеуге деген мотив жоқтығын көрсетті. Медакадемия құрылысқа бір тиын да бөлген жоқ және Кенжиннен оны талап ететіндей, соның салдарынан ол бізге қарай белгілі бір бөлігін «телитіндей» (откат) ешбір себеп болған жоқ... ал оның ішіндегі қаржының барлығы мердігердің мойнына жүктелген болатын». Өзінің айыпты емес екендігін дәлелдегісі келген Досқалиев сот пор­цесінде көптеген дәлелді құжаттар мен сызба парақтарды көрнекілік етіп пайдаланды. Міне, бұрынғы министр лауа­зы­мындағы азаматтың ісі осындай да шым-щытырық сюжеттерге әкетіп барды... Ардақ ҚҰЛТАЙ