Баян Есентаеваның сүйіктісіне қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды – БАҚ

9
5015

Тұрсынғали Алагөзовке қатысты екі бірдей қылмыстық із қозғалды. ҰҚК Шекара қызметі Алагөзовте екі төлқұжат пен жеке куәлік барын мәлімдеді, – деп хабарлайды «Время» газеті.

Басылымда аталғандай, Алагөзовте аты-жөні екі түрлі жазылған төлқұжат пен жеке куәлік бар екен. Екінші құжатта Жангутин Дәурен Меңғазыұлы аты-жөні көрсетілген.

Анықталғандай, бұл туралы полицияға Galanz bottlers АҚ қызметкерлері хабарлаған. Бұған дейін Алагөзов аталған зауыттың иесі болған еді. Алайда бұрынғы әйелі Ляйсирамен ажырасқаннан кейін, компанияның акционері ретінде қалған.

Бастапқыда құжат туралы ақпаратты компанияға белгісіз адамдар жіберген.

Тұрсынғали Алагөзовтің өзі тергеу кезінде тағылған айыпты жоққа шығарып, аталған құжаттарды алғаш көріп тұрғанын айтқан.

Іс 15 тамыз күні қозғалған. Тергеу барысында техникалық-криминалистік сараптама жүргізілген. Сараптама нәтижесінде құжаттардың жалған екені дәлелденді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері жеке куәліктің нағыз иесін тауыпты. Бірақ ол азаматтың өз төлқұжаты мен жеке куәлігі бар болып шыққан. Қазіргі уақытта шекара қызметкерлері қолтаңбасы бойынша құжаттың кімге тиесілі екенін анықтауға тырысып жатыр.

Заң тәртібін бұзушылық жөніндегі екінші іс 19 қазанда қозғалған. Дәл сол кезде Алагөзов еңгезердей ер адамдармен бірге Galanz bottlers зауытына басып кіріп, кассаны басып алмақ болған.

Дереккөз: stan.kz

9 ПІКІРЛЕР

  1. Ең ауыр жаза студент кезімізде группаластың жағымсыз қылығына Бойкот жариялайтынбыз.Көрсек те көрмегендей сейлессе сөйлеспей естімегендей жазалайтынбыз.Қазақтың жақсылығын айтып жадырататын жамандығын айтып жылататын заманы өтіп кеткен.Қазақтан шыққвн кикимораларды экраннан көрсетпеу керек.Басына коструль киіп шыққанды да Алпыстан асып қыз болам деп бүлінгендерді де көргенбіз.Теле экранда тəртіп болу керек.Жомукратияны жою керек.Қазаққа қазақ болып қалу керек.Қаз ақ аққу пəк жаратылыс.

  2. Баян осы кезге дейін істегендерің дұрыс болса неге қорқады. Құдай бірін өзі реттеп береді.

  3. Бақытбекті неге айыптай бересіздер мен осыған түсінбеймін. Бақытбектей азаматымызға әйел аз ба не? Жақсы әйел еркегін сұлтан етеді,жаман әйел еркегін сылтау етеді-дегендей Баян оны да бақытсыз етер де жөніне кетер.

  4. Бул шаруаны су бетыне шыгарган, кгб да емес, мвд да, финиктер де, емес Баян абактыга жаптырган, Бакытбектын жыгыттеры оны то есть Турсынгалиды, сливать етты. енды ол да отырады, а там Баха с ним расквитается. За всё хорошее.

  5. өмірде жақындарына жасаған қиянатқа, жүрек ауыртатын істерге жауап беру керек болады. бұрынғы отбасының көз жасы кімді жібереді? Баян жүрген жерде шөп шықпайтын сияқты. Бірінші жұбайы абақтыда, екінші кезекке тұрды..

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз