«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҰСЫНЫСЫ ЕСКЕРІЛДІ

«Ақ жолдың» талабы бойынша үкімет халық тұтынатын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын органдарды айқындайтын болды. Бұл туралы фракцияның депутаттық сауалына орай жолданған Үкіметтің жауабынан белгілі болды. Биылғы жылдың 4-ші қарашасында «Ақ жол» партиясының жетекшісі, депутат Азат Перуашев нарықты жосықсыз импорттан қорғау талабымен Үкіметке сауал жолдаған болатын. Депутат Қазақстанға әкелінетін өнімдердің 40%-дан 60%-ға дейінгілеріне ешқандай қауіпсіздік бақылау жасалмайтыныны туралы және БАҚ- та көрсетілген «Сиыр етінің текшесін» сату мысалдарын келтірді (шын мәнінде шошқа және құс қалдықтарынан тұратын), қауіпті қосалқы бөлшектер мен жинақталымдардың себебінен қайғылы оқиғалардың орын алуы, техникалық регламент және Құрылыс нормалары мен ережелерін бұзып салынған ғимараттардың құлауы, тамақтан улану және т.б. кемшіліктер туралы атап өткен-ді. «Әлі күнге дейін, тұтыну және азық-түлік өнімдерін қоса алғанда, техникалық регламенттің сақталуын бақылау қай мемлекеттік органға жүктелгені туралы түсінік жоқ. Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті қайта ұйымдастырылғаннан кейін бұл функция кімге қалғаны қоғамға белгісіз. Қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейтін тауарларды алып тастаудың толық жүйесі жоқ. Нәтижесінде, тіпті белгілі бір өнімнен улану фактісі анықталса да, мемлекеттік органдар барлық партияны айналымнан алып тастай алмайды, ал ол уланудың жалғасуына қауіп төндіреді», – деп атап өткен «Ақ жол» партиясының жетекшісі нарықта сатылатын өнімдердің қауіпсіздігін бақылауға жауапты уәкілетті мемлекеттік органды анықтауды, техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін өнімдерді айналымнан шығару туралы мәселені қарастыруды ұсынған-ды. Перуашевтың осы сөздері кезекті растауын тапты, үстіміздегі жылдың 10-шы қарашасында «Тенгриньюс» сайты Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің ағымдағы жылы 38 тоннаға жуық жалған ет өнімдері тәркіленіп, ал қазақстандық және ресейлік өндірістерінің сиыр өнімдерінен шошқаның ДНҚ-сы табылғаны туралы ақпаратын жариялады. Премъер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың қолы қойылған Үкіметтің жауабында, нарық айналымындағы азық-түлік өнімдерді, органикалық өнімдерді өндірудің қауіпсіздігін бақылау және қадағалау өкілеттігі, техникалық регламент талаптарының сақталуын ҚР Денсаулық сақтау Министрлігіне берілгені туралы айтылған. Сонымен қатар, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерді бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды анықтау мәселесі қаралуда екен. Бұдан басқа, техникалық реттеуге сәйкес келмейтін өнімдерді алу және шығару ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді алу және қайтарып алу тәртібін айқындау, функцияларын белгілеу жұмыстары жүргізілуде делінген Үкімет басшысының жауабында. «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыра береді. «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі qazaquni.kz