"Қазақстанға әскер кіргізу керек" деген ресейлік блогер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
2017 ж. 11 қараша
6567
17
ІІД пермьдік блогер Алексей Бессоновтың видеоүндеуі ҚР Қылмыстық кодекстің заңын бұзды деп таныды. Блогер Қазақстанға Ресей әскерін кіргізуге үндеген, – деп хабарлайды Stan.kz сайты.
Оның әрекеті ҚР ҚК 179-бабы «Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту» бойынша қаралады.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Пермь блогері Қазақстанда жүріп жатқан латын әліпбиіне көшу жөніндегі өзгеріс туралы сөз қозғап, ҚР аумағына Ресей әскерін кіргізуге шақырған.
Оның видеоүндеуі қазақстандықтардың ашуын келтірді.