Қытайда Бекболат Тілеуханмен суретке түскен қазақтар тұтқындалып жатыр
2017 ж. 06 қараша
8278
19
Мәліметтерге қарағанда 20 шақты қазақ қамауға алынған. Бұл туралы rfa.org порталында ағалшын тілініде жазылған. Аталған мәліметті Оразбек Кемелқан есімді желі қолданушысы аударып таратты деп хабарлады arasha.kz
Тағы бір қазақтың Еркін Азия тілшісіне айтуынша, Үрімші қаласындағы бір жеке кәсіпкер Әділбек Қасымбайұлы ноутбугінен ақау шығып, жөндетуге дүкенге апарған. Римонтшык бұл ноутбуктен көптеген видео және фотолардың сақталғанын көріп сақшыға мәлімдеген. Мамырдың 4-і күні 32 жастағы Әділбек ноутбугін алуға барғанда, дүкенде күтіп тұрған сақшылар тарапынан алып кетілген. Ахуалдан қабары бар адамның айтуынша, сақшылардың қыйын қыстаққа алып сұрақ қылу арқасында, Әділбек Қазақстан депутаты Бекболат Тілеуханмен бірге суретке түскен сабақтасын, ауылдасын және достарын айтып қойған. Сақшылардың тексеру жүргізуімен алды арты болып Іле және Шәуешектен Айгүл Мұсақанқызы (әйел, 28 жаста), Тұмарбек Садықұлы (ер, 32 жаста ), Тоқтар Сейсенбайұлы (ер, 32 жаста ) қатарлы 20 қанша қазақты тұтқындаған.
Өз тілшіміз осы іс туралы Тияншан районы қоғам қауіпсіздік мекемесіне телефон соғып сұрастырған еді, қарсы жақ тілші екендігімізді білген соң телефонды үзіп тастады. Ақпарат жеткізушінің паймдауынша, сақшылар делоға қатыстыларды тексеру үстінде екен. Ұсталатындардың тізімі тағы да өсуі мүмкін екен, - деп жазады Караван.