ТҮБЕКТЕГІ ТАРТЫМДЫ ІСТЕР
2017 ж. 13 қазан
4304
0
Қазақстанның оңтүстік-батысында қарт Каспийдің Маңғыстау түбегінде орналасқан бұл берекелі өңір еліміздің ортақ табысына елеулі үлес қосып келе жатқан аймақтардың бірі. Маңғыстау облысы – өнеркәсіптік өңір, мұнда Қазақстан мұнайының төрттен бірі өндіріледі. Ақтау — Жетыбай — Өзен бағытында алып мұнай құбыры өтеді. Аймақта аты әлемге аян Қазақстанның «теңіз қақпасы» - Ақтау халықаралық теңіз сауда айлағы жұмыс істейді.
Қандай да бір қуатты немесе әлсіз дамыған аймақ болса да жергілікті тұрғындардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы алдымен ескерілуі қажет. Өңірдің озық тұрғаны оның халқының тұрмыстық жағдайымен бағаланатыны белгілі. Бұл мемлекет ұстанған басты бағыт. Сол үшін де бірқатар құнды бағдарламалар қабылданып, еліміз бойынша іске асырылуда. Тарихы тереңде жатқан Маңғыстау түбегі де де бұл бағытта өздерінің тартымды істерімен мақтана алады.
Жұмыспен қамтудың бір ғана 2016 жылға арналған Кешендік жоспары 10958 жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтылған азаматтарды жұмыспен қамтуға қөзделген-ді. Ал іс жүзінде 11734 адам жұмыспен қамтылды. Мысалы, - «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында – 137 адам, «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы – 5578 адам, - МИИДБ – 48 адам, Аймақтарды дамыту бірыңғай бағдарламасы бойынша – 514 адам, Аймақтарды дамыту бағдарламасы – 5396 адам, «БЖК 2020» бағдарламасы – 11 адам, басқа бағдарламалар барысында - 50 адам. жұмысқа орналасты
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өткен жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысуға өтініш білдірген 7044 азаматтарды тіркеп, оның ішінде 7040 адам бағдарламаның қатысушылар қатарына еңгізген екен. Осыған орай Жұмыспен қамту орталықтары тарапынан 7157 қатысушы еңбекпен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа 5791 адам орналастырылды, 1366 адам – уақытша жұмыс орындарына жолданды.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша облыста әлеуметтік салада 187 нысандарды жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 2,1 млрд.теңге бөлінді. Осы жобаларды жүзеге асыру барысында 977 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Бағдарламаның 2-ші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға республикалық бюджеттен 3,3 млн. теңге бөлінген. Кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 69 адам жолданып, 230 адамға шағын несие беру үшін 690,0 млн. теңге қаралды. Алдынала жоспарланғандай 227 адам 618,9 млн. теңге көлемінде несие алды, оның ішінде 14 адам 41,0 млн. теңге көлемінде мерзімінен бұрын қайтарылған несие аясында шағын несие алды. Шағын несиенің орташа мөлшері – 3,0 млн. теңге. Барлық шағын несие алушылар жеке кәсіпкер ретінде салық органдарына заңды түрде тіркелген.
Бағдарламаның 3 бағытының бірінші бөлігі кәсіби даярлауға 308 адам жолданды, соның ішінде 55-64 жастағы адамдардың саны – 20. Кәсіби даярлау слесарь-электрик, машинст, жылу орталығы операторы, органикалық емес заттардың химиялық технологиясы, болаттан жасалынған құрылымды құрастырушы, құбыр жүргізуші мамандақтары бойынша білім алды. Оқуды 230 адам бітіріп, жұмысқа орналастырылғандардың саны 126 адамды құрады.
2016 жылы 62 кәсіпорындар мен мекемелерге, шағын және орта бизнес субъектілеріне 407 қатысушы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды және 84 кәсіпорындар мен мекемелер 258 оқу орындарының бітірушілеріне келісім бойынша жастар тәжірибесін өтуге жұмыс орындарын ұсынды.
Жұмыстан босатылған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында Маңғыстау облысы бойынша жұмыспен қамтудың Кешендік жоспары шеңберінде бірқатар шаралар қарастырылды – олар іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларға жұмысқа орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындарына, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жолданды. Жұмыспен қамтудың өткен жылға арналған Кешендік жоспар шеңберінде жалпы саны 13907 адам жұмыспен қамтылды. Оның қатарында: «Нұрлы жол» бағдарламасы – 182, ЖҚЖК 2020 бағдарламасы – 7089, МИИДБ – 74, Аймақтарды дамыту бірыңғай бағдарламасы – 784, Аймақтарды дамыту бағдарламасы – 5707, БЖК 2020 бағдарламасы – 21 адамды қамтыды.
Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қорғауды жүзеге асыру мақсатында мемлекет және облыс әкімдігі тарапынан бірқатар әлеуметтік шаралары іске асырылуда. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңына сәйкес 2016 жылы жанбасылық табыстары кедейлік шегінен төмен тұратын 468 табысы аз отбасының 2133 адамына 65279,6 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Сол сияқты балалы отбасыларын әлеуметтік қолдау мақсатында «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заң негізінде он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға төленетін жәрдемақымен 128 отбасының 4084 баласы қамтылып, оларға 47859,1 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді. 1261 отбасына 80646,3 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегі көрсетілді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес мүгедектер, мүгедек балалар жеке оңалту бағдарламасы негізінде протездік ортопедиялық көмекпен, қозғалыс құралдарымен, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдарымен, санаторлық-курорттық емдеумен тегін қамтамасыз ету көзделген. Тұрақты бюджеттік қаржыландыруға байланысты қазіргі таңда 757 мүгедек 40970,9 мың теңгеге протездік-ортопедиялық құралдармен, 212 мүгедек 46312,7 мың теңгеге сурдотехникамен, 356 мүгедек 31985,4 мың теңгеге тифлотехникамен, 170 мүгедек 20982,5 мың теңгеге қозғалыс құралдарымен, 498 азамат 49800,0 мың теңгеге санаторлық-курорттық емдеумен, 1892 мүгедек 225307,9 мың теңгеге гигиеналық құралдармен, 54 естімейтін мүгедек 3637,0 мың теңгеге ымдау тілі мамандарымен , бірінші топтағы 274 мүгедек 66889,7 мың теңгеге жеке көмекшілермен қамтылды.
Облыс бойынша 4 медициналық әлеуметтік мекеме: «Психоневрологиялық интернат-үйі», «Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат-үйі», «Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат- үйі» және «Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» қызмет етеді. Өтен жылы аталған мекемелерде барлығы 962 адамға стационарлық жағдайда және жартылай стационар бөлімінде арнаулы әлеуметтік сапалы қызмет көрсетті. Атап айтқанда, «Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат-үйі» - 152, «Психоневрологиялық интернат-үйі» - 255, «Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат- үйі» - 136, «Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» - 419 мүгедек балаға қызмет көрсетті.
Аудандық, қалалық мәслихаттардың шешіміне сәйкес барлық топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға мерекелік күндер мен атаулы даталарға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде материалдық көмек көзделген. Облыс бойынша 20836 мүгедектерге және мүгедек балаларға 1088156,7 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек төленді.
Халықтың көші-қонының азаюы бойынша Маңғыстау облысы халқының көшіп кету деңгейі төмен өңірлер тобына жатады. 2016 жылы өңірге көшіп келуші оралмандар саны артты. 2015 жылы облысқа 755 оралман келіп қоныстанса, 2016 жылы өңірге 3597 оралман көшіп келді. Бұл өңірдің экономикалық жағынан тұрақты екенін көрсетеді. Оралмандардың басым бөлігі – 2537 адам Өзбекстан Республикасынан, 945 адам Түркменстаннан, 89 адам Иран және Ауғанстан Республикасынан қоныс аударды.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігішетелдік жұмыс күшін тартуға 2921 квота бөлді, оның ішінде: I санат – 121, II санат – 1000, III санат – 1200, IV санат – 400, маусымдық ауылшарушылық жұмыстарға 200 (бірлік). 2016 жылы басқармамен шетелдік жұмыс күшін тартуға 2489 рұқсат берілді, 122 шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруден бас тартылды.
Бүгінгі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылатын бірінші, екінші, үшінші санаттағы лауазымдарға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар берілгенімен, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында төртінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға мейлінше шектеу қойылуда. Облысқа негізгі шетелдік жұмыс күшін әкелуші келесі елдер болып табылады – Қытай - 571 адам, Үндістан - 235 адам, Түркия - 188 адам, Филиппин - 200 адам, Италия - 179 адам, Ұлыбритания - 122 адам.
2017 жылғы 1 қаңтарға шетелдік жұмыс күшін тартатын 170 жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген қолданыста 1878 рұқсаты бар. Квотаның орындалысы 64,3 %-ды құрап отыр. Маңғыстау облысы бойынша жұмыс жасайтын шетелдіктердің үлесі - 6,9 %, сәйкесінше шетелдік жұмыс күшін тартатын облыс мекемелеріндегі қазақстандықтардың үлесі 93,1%-ды құрайды.
Шетелдік жұмыс күшін тартатын ұйымдарда өткен жылы қазақстандық азаматтар үшін 3223 жаңа жұмыс орнын ашты, 12103 қазақстандық қызметкер кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтті, оның ішінде ерекше шарттарды орындау мақсатында 786 адам оқытудан өтті.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен 2016 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген 54 рұқсат кері қайтарылып және 337 рұқсаттың қолданылуы тоқтатылды.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен жақында кезекті аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. Алдымен 2016-2019 жылдарға арналған ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Жармаева баяндамасында облыста балалар өлімі 20,5%-ға азайғаны айтылады. Бұл жақсы көрсеткіш, адамдардың тұрмыстық жағдайы алдымен оның денсаулығына тікелей қатысты. Сондықтан бұл саланы әсте естен шығаруға болмайды.
Алқалы жиында кеңінен талқыланған тағы бір тақырып - «Жүз нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-тармағы. Яғни, әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының міндетін атқарушы Қарашаш Нұрмамедованың айтуынша, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы және мемлекеттік атаулы көмек, 4 және одан да көп балалы отбасыларға берілетін кәмелетке толмаған жәрдемақы біріктіріліп жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жүйесін 2018 жылдан бастап енгізу көзделіп отыр. Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова өңірде сандық экономикаға мамандарды даярлау және қайта даярлау туралы мағлұмат берді. Биылғы оқу жылынан бастап жаңартылған білім мазмұнымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні 5 сыныптан бастап барлық мектептерде енгізілді. Облыстың 60 мектебінде «Робототехника» элективтік курсы өткізіледі. 2016-2017 жылдары информатика пәнінің 198 мұғалімі робототехника біліктілігі бойынша «НЗМ» ДББҰ-ың педагогикалық шеберлік орталығында және «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ-ың Маңғыстау облысы бойынша филиалында қысқа мерзімді курстарынан оқып шықты. 2016 мұғалім деңгейлік курстар аясында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытында біліктіліктерін арттырды. Жиын соңында аймақ басшысы Ералы Тоғжанов тиісті мемлекеттік органдар басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Демек халықты әлеуметтік жағынан қорғау шаралары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Бек МЫРЗАҰЛЫ
qazaquni.kz