Сарапшы: Латын әліпбиіне көшу - жаңартылған Қазақстанды құру процесінің алғашқы қадамы
2017 ж. 02 қараша
3958
7
2017 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің қазақ тілі әліпбиінің кирилицадан латын графикасына көшуі туралы Жарлығы шықты.
Бұл тарихи шешім талқылау кезінде-ақ, Қазақстанның өзінен тыс жерлерде әртүрлі кертартпалық тудырды.
Ресей білім және ғылым Министрлігінің басшысы Ольга Васильева бірнеше ай бүрын ТМД елдерінің барлығына славян әліпбиі-кирилицаны қайтару туралы ұсыныс айтты.
Жақын арада Атамбаев: "Шамасы, Қазақстан кирилицадан латынға көшкісі келетіні бекерден бекер емес, бүл - Ресейден алшақтау" деп мәлімдеді.
Бұл жерде шетелдік комментаторлар жіберіп алған бірнеше сәтті айта кету қажет.
1.Бұл аяқ астынан емес, болжамды жобаға қатаң сәйкестікпен жүзеге асырылатын, терең ойланып, тұжырымдалған шешім. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы шешім 2010 жылдың басында қабылданды. 2013 жылғы «Қазақстан-2050» Жолдауында осы көшудің жалпы мерзімін айқындалды. 2017 жылы қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің айқын мерзімдері белгіленді.
2. Қазақстан егеменді мемлекет ретінде мемлекеттік тілге қандай алфавит қолдануын анықтауға құқылы. Сонымен бірге Қазақстан латын әліпбиіне бір түнде ауысуға ұмтылмайды. Өтпелі кезең 2025 жылға дейін жалғасады. Латын әліпбиін енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, ол осы үдерістің операторы болып табылады.
Латын әліпбиіне көшу ұлттық құрылыс үдерістерін күшейтеді. Ұлттық құрылыстың үдерістерін зерттеген классиктердің пікірі бойынша, әліпбидің өзгеруі біртұтас азаматтық ұлттарды біріктіру арқылы аяқталатын халық топтарын тереңдетіп қайта құру процестерін тудырады.
3. Қазақ тілін латын тіліне көшіру - орыс тілі ана тілі болып табылатын адамдардың мәдени және тілдік мүдделеріне еш әсерін тигізбейді. Орыс тілі қазақ әліпбиінің өзгеруінен ешқандай зиян шекпейді. Тек таза материалдық және меркантилдік (өз пайдасы) мүдделері үшін (бірнеше тілді білу еңбек нарығында артықшылық береді), Қазақстанның көптеген азаматтары орыс тілін қатынас тілі ретінде сақтайды, сондай-ақ қазақ және ағылшын тілдерін үйренуге тырысады. Қазақ тілі латын әліпбиіне ауысқан соң белгілі бір модернизацияға ұшырайды. Осылайша, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру орыс тілінде сөйлеушілерге қарсы бағытталған деген болжам дұрыс емес. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің басты мақсаты - Қазақстандағы ұлттық құрылыс үдерісін күшейту. Қазақ тілін латындандыру - жаңартылған Қазақстанды құру процесінің алғашқы қадамы.
Жақсылық Сәбитов,
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы
Әлемдік экономика және саясат институты Дереккөз: tengrinews.kz