Мектептерде ұялы телефон ұстауға тыйым салынды
2017 ж. 27 қазан
7240
0

Шығыс Қазақстан облысындағы мектептерде оқу мекемесіне смартфон ұстап келуге тыйым салынды. Бұл туралы “Өскемен Жаңалықтары” хабарлайды.
659 мектептің 579-ы ата-аналармен келісе отырып осындай шешім шығарған. Егер шешімге қарсы ереже бұзушылықтар байқалса онда ұстаздар оқушылардың ата-анасымен профилактикалық кеңес өткізеді.
“Сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға болмайды, ал үзілістерде пайдалансын. Оқушының назары тек оқу процесінде болуы тиіс. Ал телефон оның көңілін бөледі. Біздің ата-аналардың ешқайсысы бұл шешімге қарсы болған жоқ”, – дейді №30 орта мектептің директоры Дмитрий Журавлев.
Сонымен қатар, қымбат смартфондар ұрлықшылардың да назарын бірден аударатындықтан, оқушыларға батырмасы бар қарапайым телефондар ұстау кеңес етілген.
Дереккөз: stan.kz