«ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛЫП КЕЛЕДІ
2017 ж. 31 тамыз
2956
0
Соңғы жылдар республикамыздың барлық аймақтарында «Өрлеу» бағдарламасы қабылданып іске асырылып келеді. Ресми деректер бойынша, биыл аталған жобаға қатысушылар саны 122,9 мыңға жеткен екен. Бұл бұрынғыдан 5,3 есеге артық. Ең бастысы, оған қатысушылардың кірісі 3 есеге өсті. Демек, аз қамтылған отбасылардың қатары біршама азайды деген сөз.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек департаменті өкілінің хабарлауынша, «Өрлеу» бағдарламасына елімізде 150 мыңға жуық отбасын тарту жоспарланып отыр. Осы мақсатта бюджеттен 7 млрд. теңге қарастырылып, толық мүмкіндіктер жасалған.
«Өрлеу» бағдарламасының бірнеше артықшылықтырын да байқау қиын емес. Атап айтсақ, жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушы отбасылардың атаулы көмекпен қоса еңбекке жарамды мүшелерін жұмысқа орналастыру, мамандық игеру үшін оқу ақысын өтеу, әлеуметтік жұмыс орындарындағы жалақыға 35% субсидия беру, жоғары оқу орындарын бітірушілерге арналған ақылы тәжірибеден өту және дербес кәсіп ашуға несие сынды бірқатар мемлекеттік көмек түрлерін алуға мүмкіндігі бар.
Атаулы әлеуметтік көмек жаңа есептеу бойынша жан басына шаққандағы күнкөріс деңгейі 50 пайыздан төмен болатын отбасыларға арналып, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізілмек. Қалай десек те «Өрлеу» өзге бағдарламаларға қарағанда нақты іске асырыла басталуымен қуантып отыр.