Қытайда еліне оралғысы келген қандастарымыз жаппай сотталуда
2017 ж. 19 қазан
10454
32
Қазанның 17-күні Алматыда "Қытайдағы қандастарымыздың қыйсынсыз тергеуге алынып, жаппай сотталуда" деген тақырыпта баспа сөз маслихты өткен еді . Баспа сөзге Расул Жұмəлі, Марат Тоқашбай сяқты ұлт жанашырлары мен Қытайда себепсіз сотталған қандастарымыздың жақын туыстары қатысты. Басты себеп: қандастарымыздың Қазақстанға келгеісі келгені үшін немесе Қазақстандағы туған-туыстарымен қабарласқаны үшін жаппай тергеуге алынып, алды сотталып жатқаны айтылды.
Бұл жағдай былтырға дейін Қытайдың Тибет аймағын басқарған ЧынШуанГо-ның 2016 жылы тамызда ШыңЖаң (СУАР) деп аталатын, құрамында Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтары кіретін, негізінен Қазақтар көп шоғырланған, өңірге басшы болып келуінен басталды. Бұған дейін Қытайдағы қандастарымыз екі елдің өзəра достық қарым-қатынасы негізінде Қазақстанға еш кедергісіз, заңды түрде емін-еркін келіп-кетіп тұрған еді, олардың біразы қоныс аударып та үлгерді.
Осы жылдың басынан бастап Қытайдың ШҰАР, негізінен Қазақтар тұратын аймағында, тұрғындардың ең алдымен шетелге шығатын төлқұжаттарын жаппай жинап, олардың Қазақстанға шығуына тиым салған. Бұрын Қазақстанға туысқаншылап немесе саяхаттап барған кез-келген Қазақты тергеуге алып, оларды "саяси үйрену" дейтін үйрету орталықтарына апталап, айлап жіберіп отырған. Ал сол «тәрбиелеу орталықтарында» өз мұддесін қорғап, қарсылық көрсеткендерді түрлі жаламен бірнеше жылға еш себебсіз, олардың туыстарына ескертпестен, жабық түрде соттап жатыр.
Қазақстанда оқып жатқан жастарды қайта шақырып, оларды Қазақстанда оқуына тиым салды, егер олар бармаған жағдайда Қытайдағы ата-анасы мен туыстарына қысым жасаған. Сотталғандардың ішінде көзі ашық зиялы қауымда, өмір бойы мал баққан малшы қауымда бар, олардың алды 12-13 жылға, арты 1 жылдан сотталған, кейбіруі əлі өкімі шықпай түрмеде жатыр.
Ал Ислам дінін əлемдегі 4 үлкен діннің бірі ретінде мойындап, осы күнге дейін мұсылмандар тұратын өңірлерде мешіт-медресе салып, университ ашып берген Қытай өкіметі, аяқ астынан өмір бойы имам болған, Қазақ молдаларын, мешітте уағыз айтып, неке оқығаны үшін түмеге алып жатыр, осыған дейін екі имамды 《өзін өзі өлтірді》- деген атпен қыйнап өлтірген. Ал олардың мəйітін туыстарына ашқызбай, жудырмай арнаулы жасақпен көміп болғанша бақылап тұрған. Тіптен, қазақтардың салт-дастүрлері мен әдет-ғұрыптарына ашық шеткеу қойып, олардың бір-біріне амандасуына, бір-бірін ауыз ашар, науырыз қатарлы мерекеге шақыруға тиым салып отыр.
Қысқасы, осы сотталғандардың жалғыз ғана себебі - олар тарихи отаны болған Қазақстанға көшкісі келген əрі туыстарымен байланыста болғаны, Қазақстанға туысшылап және саяхаттап барғаны ғана...
Осы баспа сөзден кейін белсенділер Қазақстанның құзырлы органдарына, осы Қытайдағы қандастарымызды халықаралық және екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстар негізінде оларды қорғау туралы АРЫЗ жазып жолдады, егер оданда нәтиже шықпасаі одан ары БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдарғада дейін жеткізуды мақсат етіп отыр.
Осы орайда осыған дейін Қытайдағы қандастарымыздың жағдайына алаңдап, оларды осы зұлымдықтан арашалауға түрлі баспасөз маслиқаты, іс-шаралар өткізіп, шырылдап жүрген жастарға және қолдаушыларға алғысымыз шексіз! Алла ол жастарға осы ұлт үшін жасаған игі істеріне мол сауаптан жазғай!
Ұлттың ұлы мүддесінде бірге болайық - Алаш баласы!
Оразұлы Қыдырəлі,
Кәсіпкер
Қазақ үні
Қытайда еш себепсіз сотталған Қазақтар тізімі:
№ | Аты жөні | Туылған жылы | Мекен-жәйі | Сотталу себебі | Сотталған мерзімі |
1 | Акимат Имам | ҚХР Мори ауданы | Мешіт салдырған | Өзін-өзі өлтірді деп түрмеде өлтірген | |
2 | Өмірұзақ Мақан | 1980ж | ҚХР Баркөл ауданы | Екі інісін қамағанда артынан сұрап барған | Жергілікті полиция қызметкерлері ұрып өлтірген |
3 | Зейнолла Рақыжан | 1963 | ҚХР Бұратала, Арасан ауданы | Қазақстан тыңшысы | 13 жылға сотталған Жалғасты 1 жылға соттаған |
4 | Қасымбайұлы Жарқынбек | 1961ж | ҚХР, Бұратала қаласы | Қазақстанға балаларын жіберген және көп келген | 10 жылға сотталған |
5 | Қабыл Имам | 1955 | ҚХР Үрімжі ауданы | Қазақстаннан қазақша дінни кітәптар алған | 8 жылға сотталған |
6 | Манат | ҚХР, Көктоғай | Қазақстандағы туыстарымен сөйлескен | 10 жылға сотталған | |
7 | Бағдал Жеңісхан | 1963 | ҚХР Үрімжі ауданы | Көші-қон топтарында елді Қазақстанға үгіттеген | 10 жылға соттаған |
8 | Дәуітхан Тергесіз | 1973 | ҚХР, Бұратала Арасан ауданы | Қазақстанға көшпекші болған | 12 жылға сотталған |
9 | Берікхан Доланхан | 1960 | ҚХР Дөрбілжін ауданы | Ислам діні бойынша неке оқыған | 10 жылға сотталған |
10 | Салықұлы Сарқытжан | 1978 | ҚХР Мори ауданы | Қазақстан және Туркияға барған | 10 жылға сотталған |
11 | Кәкенұлы Құрманбек | 1979 | ҚХР Шауешек, Толы ауданы | Көші-қон топтарында болған | 10 жылға сотталған |
12 | Ерсін Бекзат | 1982 | ҚХР ШауешекДөрбілжін ауданы | Қазақстандағы туыстарымен сөйлескен | 10 жылға сотталған |
13 | Анарбекұлы Кенжебек | 1986 | ҚХР Бұратала қаласы, Далда ауылы | Қазақстанға көп барған, Қазақстан тыңшысы | 10 жылға сотталған |
14 | Серік Еркеш | 1987 | ҚХР Қорғас ауданы | Қазақстанға көшпекші болғаны үшін | 5 жылға сотталған |
15 | Мұратханқызы Салтанат | 1996 | ҚХР Алтай Жеменей ауданы | Қазақстанда оқығаны ұшін | 05.2017 ден бастап түрмеде отыр |
16 | Өмірәлі Бекен | 1972 | ҚХР Үрімжі қаласы | Қазақстан азаматы, себепсіз | 03.2017 жылдан бастап түрмеде отыр |
17 | Қалқыман Мағаз | 1984 | ҚХР, Алтай, Көктоғай ауданы | Інісі Туркияда оқып, Қазақстанға барғаны үшін | 1 жылға сотталған |
18 | Әрынғазыұлы Санат | 1981 | ҚХР Арасан ауданы | Көші-қон тобында болғаны үшін | 2017 жылы маусым айынан бері түрмеде отыр |
19 | Кенжеболатқызы Алтынгүл | 1997 | ҚХР жеменей ауданы | Медресседе оқығандығы үшін | 2017 жылы сәуір айынан бері түрмеде отыр |
20 | Ермек Мүсілімұлы | 1983 | Мори ауданы Дұңшың қалашығы, Жишылаң қыстағында | себепсіз | 2017ж сәуір айынан бастап қамауда отыр |
21 | Досан Бейсенбекұлы | 1987 | Құлжа ауданы | Медресседе оқығандығы үшін | 2017 ж науырыз айынан бастап қамауда отыр |
22 | Сағыныш Мейрамбекұлы | 1981 | ҚХР Арасан ауданы | Қазақстанға көшу ойы болған | 2017ж 6 айдан бастап түрмеде отыр |
23 | Оқан имам | 1968 | ҚХР Қаба ауданы | Мешітте уағыз айтқаны үшін және неке оқыған | 10 жылға соттаған |
24 | Серік Қалибек | 1975 | ҚХР Жың ауданы | Қазақстанға көшу ойы болған | 2017ж мамыр айынан бастап түрмеде отыр |
25 | Мейрамбек Бекен | 1980 | ҚХР Алтай қаласы | Қазақстанға көшу ойы болған | 2017ж маусым айынан бастап түрмеде отыр |
26 | Гүлзира Ауелхан | 1977 | ҚХР Құлжа ауданы | Қазақстанға көшу ойы болған | 2017ж маусым айынан бастап түрмеде отыр |
27 | Нұржан Ахметжан Имам | 1980 | ҚХР Нылқы ауданы | Мешітте заңды түрде имам болып қызмет істеген | 4 жылға сотталған |
28 | Қуаныш Имам | 1975 | ҚХР Мұңғолкүре ауданы | Мешітте заңды түрде имам болып қызмет істеген | 8 жылға сотталған |
29 | Кенжебай Алихан имам | 1972 | ҚХР Күнес ауданы | Мешітте уағыз айтқаны үшін және неке оқыған | 5 жылға сотталған |
30 | Нұрлыбай Қоңырбай имам | 1974 | ҚХР Жеменей ауданы | Мешітте уағыз айтқаны үшін және намаз үйреткен | 10 жылға сотталған |
31 | Талғар (оқушы) | 1991 | ҚХР Күнес ауданы | Қазақстанда оқығаны үшін | 2017 жылы маусым айынан бастап түрмеде отыр |