"Шешең..." деп боқтайтындарға ірі айыппұл салу ұсынылды
2017 ж. 16 қазан
6771
31
Түркістан қаласы саны жағынан бірдей қазақ, өзбек ұлтынан тұрады. Мен өзімді түркістандықпын деп есептеймін. Жас кезімізде қызмет бабымен сол жаққа барып 37 жыл тұрдық.
Халқы да ерекше, бір-бірімен тату-тәтті, қыз алысып, қыз берісіп, туысқандай болып кеткен. Кейде қалжыңдап Түркістанда таза қазақ та, таза өзбек те жоқ дейміз. Халқы еңбекқор, сауатты, мәдениетті, өте бауырмал.
Қазақтың «шешең» деген сөзі сияқты өзбек ағайындардың «Ой, анаңның» (связка слов) деген сөздері бар. Ол қазақтардың «Ой, шешеңнің» дейтін сөзімен мәнері бірдей. Мұны олар тек сөз арасында ғана емес, әңгіме арасында үйде де, түзде де айта береді. Мен үшін бұл сөз қорлық сияқты. Бұл сөзді естігенде тоқтап, тәрбие айтудан жалыққан емеспін. Бір лауазымды танысымның: «Бала-шаға арасына кірісе бермеңіз», – дегені бар.
Ал шенеунік танысым баласының тілінің шешең деген сөзбен шыққанына және мәнерлеп айтқанына мәз болғанын көрдім. Мысалы, мен тауда туып-өстім. Ондай сөзді естіген емеспіз. Мүмкін бір ру, бір ұлт болғандықтан шығар деймін.
Меніңше, ұлтына қарамай шымкенттіктерге заң шығару керек. Мысалы, үлкен көлемде айыппұл салу қажет. Осылай «шешең», «анаң» деген сөздерден құтыламыз деп ойлаймын.
Ақжарқын МЕЙІРҚЫЗЫ,
Дереккөз: zamana.kz