Бір трамвай басқармасына тәртіп орната алмай, Атазаңды бұздырып қойып Бақауов неге әкім болып отыр?
Павлодар қаласындағы мемлекеттік тілдің мүддесін, яғни мемлекет мүддесін қорғаушы жалғыз күрескер Руза Бейсенбайтегі Атазаңды қорғап, тағы да трамвай тоқтатты!.. Трамвай жүргізуші мемлекеттік тілде хабарлаудан ашық бас тарттқаны үшін! Атазаңды аяққа таптағаны үшін! Осымен үшінші рет! Үшінші рет қазір полиция алып кетті. Павлодарда Қазақ елінің 26 жылдан бері Тәуелсіз екеннін еске түсіріп, Конституцияны қорғап, мемлекеттік тілді талап етсең, алғыс алмайсың, қарғыс аласың - полициямен айдап кетеді...
Облыс әкімі Бақауов пен қала әкімі Әшімбетовтер бір трамвай басқармасына сөздерін өткізе алмай, ал мемлекет мүддесін қорғаған қыздарын айдауылмен айдатып, Атазаңымызды аяққа таптатып қойып, несіне әкім болып отыр?
Шырылдап Астанаға хабарласып, өзіне емес, Мемлекеттік Тіліне қорған сұрап отырған Тіл қайраткерін полициядан шығарып алатын кім бар Керекуде?
Қазыбек ИСА
Qazaquni.kz