Экс-депутатты өзін зорлады деп айыптаған бойжеткен жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
2017 ж. 13 қазан
3057
1
ШҚО-да экс-депутатты өзі зорлады деп айыптаған 19 жасар бойжеткен Елена Иванова жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.
Аталмыш ақпаратты Facebook әлеуметтік желісінде «НеМолчи.kz» қозғалысының негізін қалаушы Дина Таңсәрі таратты. Оның айтуынша, Елена 8-қазанда Өскеменге әжесіне аттанған болатын.
«Ол Өскеменге келіп, әжесіне хабарласып, маршруткаға отырып Шемонаихаға кетіп бара жатқанын айтқан. Алайда сол қалпы ұшты-күйлі жоғалып кетті, әжесінің де, анасының да үйінде жоқ. Ленаның туыстары әлі полицияға шағымданбады, сондықтан әлеуметтік желіде жазуға тура келіп отыр. Оның өміріне қауіп төніп тұр деп ойлауға толық негіз бар. Елена Иванованы зорлады деп айыпталған экс-депутат ұзақ уақыт Астанада жүрді, біздің әлі расталмаған ақпарат бойынша, істі жоғары лауазымды шенеуніктің бақылауына Астанаға беріп жіберген көрінеді», — деп жазды Дина Таңсәрі.
Еске сала кетейік, тамыз айында БАҚ-та ірі құрылыс компаниясының басшысы, экс-депутат жас қызды зорлады деген ақпарат тараған болатын.