Ұстаздарын аяусыз сабаған алматылық студенттер одан 23 млн теңгені ұрлап кеткен
2017 ж. 30 қыркүйек
3489
15
Алматыда студенттер өз ұстаздарын аяусыз ұрып, тонап, 23 миллион теңгені алып кеткен.
Бұл туралы “Алматы” арнасы хабарлайды.
Қазіргі таңда бұзақылар ұсталған. Бірнеше ай бойы қаралған қылмыстық іске үкім жақында ғана шықты. Жақында болған сот отырысында айып тағушы тарап кінәлілерге қатысты жаңа дәлелдерді ұсынып, оларды мейлінше ауыр жазалауды ұсынды.
Іс материалы бойынша, түнгі уақытта бес адам профессордың үйіне басып кірген. Олар мұғалімді сабап, 23 миллион теңгені алып кетеді. Айыпталушылар қылмысқа ұзақ дайындалғандарып, арнайы маска мен қолғаптар сатып алып, құрбандарын бірнеше күн бойы аңдығанын айтыпты. Ал профессордың 9 қабырғасы сынып, бірнеше ауыр жарақат алған.
“Өткен жолы сот сот-медициналық сараптамасын қайтара өткізуді сұрады. Біз бүгін нәтижелерін алдық. Сол себепті айыпталушылардың жазасын ауырлату туралы ұсыныстар түсті”, – деді судья Бақытжан Бәкірбаев.
Сотта сөйлеген 65 жастағы Ағыбай Смағұлов саналы ғұмырын ұстаз болуға арнағанын, бірақ шәкірттерінен осындай “сый” күтпегенін айтты.
“Бұл іс толыққанды заңды түрде қаралса деген жалғыз өтінішім бар. Әзірге іс “ұрлық” бабы бойынша қозғалып тұр. Айыпталушылардың туыстары әлі менің ақшамды қайтарған жоқ. Енді бәрін сот шешсін. Мен оларға сенемін”, – деді Ағыбаев.
Айыпталушылар өз кінәларын мойындап, істегендеріне өкініш білдірді. Келесі сот отырысы 5 қазанға белгіленген.