Теміртаулық шовинистер қазақ мектебіне қарсы!..

1
928

МЕМЛЕКЕТТІГІМІЗДІ МОЙЫНДАМАЙТЫН ОРЫСТАРДА ҚҰҚЫҚ БАР ДА,

ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ЖОҚ ПА ӨЗ ЕЛІНДЕ?..

 

Теміртау қаласында қазақ тілді мектептерге күн өткен сайын, сұраныс артып келеді. Қалада 17 орыс мектебі бар, олардың көбісі толық емес. Яғни оқушылары жетіспейді. Сонда да сыныптарды ұстап отыр. Ал бұл мемлекетке орасан шығын әкелуде. Қазақтарға қазақ мектептері жетпегендіктен, балаларын орыс мектептеріне беруге мәжбүр! Бірақ ата-аналар балаларын қазақ мектептеріне бергілері келеді. Қазақ мектептері болса сан жағынан аз болғандықтан, ол ата-аналардың сұраныстарын қамтамасыз ете алмауда. Өз үйінің маңынан мектеп таба алмай қиналған қазақтардың көп екендігін ескерген жергілікті әкімшілік екі орыс тілінде білім беретін №9 және №16 мектептерді қазақ мектебіне ауыстыру туралы шешім шығарып, өте орынды іс жасады.

Осы мектептердің ұстаздары мен оқушыларына басқа мектептерде орын табылғанына қарамастан, кейбіреулер «қиямет» орнағандай шу шығарып, қарсылық білдіруде. Сонда осы күнге дейін қаншама қазақ баласы мәжбүр орыс мектебінде оқығанда үндемеді ғой. Құқым бұзылды демеді ғой. Орыстардың ойынша оларда құқық бар бізде қазақтарда құқық жоқ сияқты сезінетіндігін көрсетіп тұр ма қалай? Бұл орыстардың шовинистігін көрсететеді. Бұл мемлекеттік тілді мойындамау деген сөз, мемлекеттігімізді, Қазақстанды мойындамау деген сөз. Қазақ мектебі көбеймей, қазақтар Қазақ елінің орыс тілді мектептерінде оқуға мәжбүр. Ал бұл Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2015 жылы 95 пайыз қазақстандықтар мемлекеттік тілде сөйлейді деген мемлекеттік бағдарламаға қарсылық! Мемлекетке, мемлекет заңына  қарсылық!

1 Пікір

  1. Есіргендердің есін кіргізіп, еркіне жібермейтін есті мемлекет қашан болар екенбіз… Мемлекет заңына бағынбайтындарды тәртіпке шақыру керек. Қазақтар өз жерінде қазақ мектебін аша алмай отыр дегенді өзге елдер естімесін…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз