ЕЛІМІЗДЕ ЖАНАРМАЙ НЕГЕ ҚЫМБАТТАП ЖАТЫР?
2017 ж. 22 қыркүйек
2093
1
Елімізде жанармай тағы да қымбаттағаны қарапайым жүргізушілер үшін үлкен уайымға айналды. Ресми орындар Қазақстандағы жанар-жағармай материалдарының өзіндік өндірісінің өсімі мен импорттың қысқаруы бағаның артуына әкеп соққанын айтады.
2017 жылдың тамыз айында 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда ішкі нарыққа негізделген мотор бензинін өндірушілердің бағасы 4,5%-ға өсті, қысқы дизель отыны – 0,5%, ал, жазғы – бірден 14,5%-ға өсті. Жергілікті мұнай өндіруші зауыттарда небәрі 3,1 млн. тонна дизель отыны өндірілді, бұл былтырғы жылдың қаңтар-тамыз айларымен са,лыстырғанда 1,8 пайызға төмен. 2017 жылдың тамыз-шілде айларында Қазақстанға барлығы 188,9 мың тонна дизель отыны жеткізілген, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге кем. Сондай-ақ, осы аралықтағы автомобиль бензинінің импорты 625,9 мың тоннаны құрап, 2016 жылдың осы кезеңіндегі көлеммен салыстырғанда, 2,4 пайызға кеміген екен.
qazaquni.kz