Расул Жұмалы Білім министрлігінің тағы бір былығы туралы айтты
2017 ж. 18 қыркүйек
3913
13
Қазақ мектептерінде "Л" сыныптары пайда болғаны әлбетте қуантады. Бұл Қазақтың санының өскенін, онымен қатар Қазақ мектебі мен тіліне құрметтің артқанын айғақтайды. Алайда әлгі "Л" дегені бір сыныпта кемі 30 баладан құралған 12 топ оқиды деген сөз - бір мектепте. Оның өзі 2-3 ауысыммен. Сондағысы еліміздегі кей орыс мектептерінде бір ғана ауысымда "Л" тұрмақ "Б" сыныбы жоғы жетерлік. Олардың өзінде шәкірт саны 10-15-пен өлшенетіні бар. Барып тұрған дискриминация ғой. Ең сорақысы сол - бұл былықты жасап отырған Қазақты басып алған сыртқы жау емес, өзіміздің Білім министрлігі.
Расул Жұмалы Фейсбуктегі парақшасынан