АҚШ мойындаған қазақ көріпкелі

4
5123

Қазақстан көріпкелін АҚШ мойындап отыр, деп хабарлайды «Экспресс К». Газеттің жазуынша Америкада қазақстандық көріпкел Бақыт Жұматованың фан-клубы ашылыпты. Б.Жұматова жақында АҚШ-тағы уағызшы Гарольд Кемпингтің ақырзаман туралы болжамын жоққа шығарып, сонымен қатар дәл сол уағызшы елінде табиғи апат болатынын болжаған болатын.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2011 жылдың 21 мамыры күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 06:00 шамасында ақырзаман болатыны туралы болжамды америкалық уағызшы Гарольд Кемпинг жаһанға жариялаған болатын. Ол: «Заманақыр болғанда жер бетіндегі адамдардың тек 2%-ы ғана жұмаққа барып, қалғандары тозаққа жіберіледі», – дегенді.
Ал, айтылған мезгілге 1-2 күн қалғанда қазақстандық көріпкел Б.Жұматова: «Маған мамырдың 21-і күні алапат су тасқыны болатыны туралы аян берілді. Нақты айтқанда ол ақырзаман туралы қауесет шығарып жатқан АҚШ-тың өзінде болады», – деген еді.
Осылай дей келе ол, 21 мамырда ақырзаман болатыны туралы болжамды жоққа шығарған.
Ақыры америкалық уағызшының емес, қазақстандық көріпкелдің айтқаны айдай келді. Айтылған уақытта табиғи апат Солтүстік Американың астаң-кестеңін шығарды. Төрт тәулік бойы ойнақ салған торнадоның құрбандары болған адамдардың саны 125-ке жетті, деп жазады газет.
Көріпкел фан-клубының төрайымы Ольга Ворон Бақыт Жұматова әйгілі болгарлық сәуегей Ванганың орнын басуы мүмкін екенін айтқан көрінеді.
Бақыт Жұматова болса өзінің сирек қаталесетінін, Жапониядағы жер сілкінісін де алдын ала сезгенін айтады. Енді ол жақын уақытта адамзат жатпланеталықтармен қарым-қатынасқа түседі деп болжап отыр. «Бұл оқиға көп күттірмейді», – депті ол.
www.baq.kz

4 ПІКІРЛЕР

  1. Аллаға иман келтіріп, мұсылманмын деген адам бақсы балгер, көріпкел құшынашқа сенбейді. оны жын шайтанмен байланысты деп, болашағын болдатуға бармайтын болған.

  2. Көрпкелдің көкігені, дегенді дәлелдепті. Бірақ Қазақ аллаға сенбей арамзаға сенетін болса ақыр заман болмай қоймайды. . .

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз