ЕСІРІКТЕН есер туады...

наркоман Осыдан үш-төрт жыл бұрын көшеде темекі тартқан қыз баласын көрсек таңданып, ерсі қылық деп санар едік. Ал қазір етіміз үйрендіме, әйтеуір кездесе қалса назар аудармайтын да болдық. Себебі одан көлемді, одан да ауыр мәселе бар: нашақорлық. Қазіргі заманда кез келген адамның анашаны өмірлерінде бір рет болсада көргендері, тіптен дәмін сезінгендері де жиі кездеседі. Өйткені нашақорлардың саны жыл санап арта түсуде.

Қазір әлемде 500млн адам есірткі қолданады екен. Зерттеулерге сенсек ең көп қолданатын 16-20 жас арасындағы адамдар, олар 40 пайызды құрайды. 21-25 жас аралығындағылар 30 пайыздан жоғары болса, 26-30 жас аралығындағылар 20 пайызды көрсетіп отыр. Алғаш есірткінің дәмін кіммен тартып көрдіңіз деген сұраққа олардың 70 пайызы доссыммен деп жауап берген. Ал елімізге оралар болсақ, бүгінгі таңда Алматы қалалық орталығында есірткімен тіркеуде 4656 адам тұр.Оның ішінде әйелдері 656 болса, 10 жасөспірім. Жас мөлшерінен келер болсақ, есірткіні көп әуестенетіндер 18−25 жастың арасындағы азаматтар. Жастардың есірткіге салынып, оңай жолды таңдауы өмірдегі әр түрлі келеңсіздіктермен байланысты. Ата – ананың жиі жанжалдасуы, арақ немесе темекі шегіп алған достарының үгіт-насихаты, мек­тептегі қиындықтар және жұмыссыздықтан шаршаған адамдар өмірді бір сәт болсада ұмытып, жанын тынышталдырып, тіршіліктен ләзат алғысы келеді. Алайда олардың көпшілігі бұл ләзат құнының қаншалықты қымбат боларын білмейді де. Есірткінің ерекшелігі де сол болар, алғаш дәмін татқан адамды өзіне баурап алады. Бір рет байқап көрсең ешнәрсе болақоймас, барлық қиындығыңды ұмытасын, жаның тыныштық тауып, өмірдің рахатын сезінесің деген өтірік сөздерге ерген жастар соңында қалай нашақорға айналғанын білмейде қалады. Мамандардың айтуынша бұл ауру тұқым қуалайды. Ата−анасы есірткіні пайдаланған балалардың 90 пайызы нашақор болып туылады екен. Есірткінің зияны адамның өмірге деген көз қарасын түбегейлі өзгертетіндігінде. Олардың бойында бұрыннан бар қызығушылықтар мен әуестіктер жоғалады. Әлсіздік, тамаққа тәбеттің бірде аш қасқырдай болып, бірде төмендеуі, тістері сарғайып, шіри бастауы, шаштары түсіп, бетті әжім торлауы нашақорға тән қасиеттер. Ғалымдардың тексеруінше нашаны пайдалаған жастардың өмір жасы ұзаққа созылмайды, өкпелері қабынып, бронхит, тіптен өкпе рагіне шалдығуы мүмкін. Миға кері әсерінің арқасында жаттау қабілеті нашарлап, ұмытшақ болады. Есірткінің бірнеше түрі бар: марихуана, анаша, морфин, героин, кодеин, метадон. Бұлардың адамға әсер етуі де әр түрлі. Мысалға, морфин, героин түрін қолдану нашақорлар арасындағы өлімнің және мүгедектің басты себебі болып табылады. Мұндай түрлерін ең алдымен ине шаншу арқылы қолданады. Сондықтан оларды қолдану кезінде — СПИД ауруын жұқтыру мүмкіндігі де жоғары болмақ. Сонымен қатар есірткі адамның жүйке жүйесінің өзгеруіне себеп болады, ол ашуланшақ, дөрекі, айналасындағы адамдармен қарым қатынасында қатыгездік байқалады. Нашақор адам осы күнімен, бір сәттік жан рахатымен өмір сүргендіктен, оның келешекте болар қатермен шаруасыда болмайды. Алайда уақыт өте оның бұл қуанышытәуелділікке айналып, онсыз өмір сүре алмайтын дәрежеге жетеді. Тіптен есірткі табу үшін алдауға, ұрлыққа, қала берді адам өлтіруге де барады. Бұл аурудан қалай құтылуға болады деген сауал туындауы мүмкін? Біріншіден, мұндай қиындыққа тап болмас үшін ата ана баласына сақ болуы керк. Өйткені енді ғана жетіліп кележатқан жасөспірім сенгіш, айналасындағының барлығын көргісі білгісі келіп тұратын, ақылы толыспаған бала. Олар өздерінің ер жеткендігін көрсеткісі келіп сіздің ойыңызға да келмейтін әрекеттерге баруы мүмкін. Темекі тартудан бастап нашамен аяқтау олар үшін жәй ғана көңіл көтеру болып саналады. Сондықтан ата ана есірткінің зияны туралы міндетті түрде балаларына айтып отыру керек. Оның соңы қайда апарып соқтыратындығын мысалдармен түсіндірген жөн. Себебі баланың психологиясы өте нәзік, оған ауыр сөздер айтпай бәрін анық түсіндірген жөн. Екіншіден, егер бала наша тартып немесе ине салдырып жүрген болса, оны бірден ауруханаға апарған жөн. Онда мамандар арнай медециналық көмек береді. Ем қабылдау өте ауыр да ұзақ кезең. Анашадан бастартуға деген ынта мен ниет болмаса адамның тоқтауы қиын. Тіптен мүмкін емес. Дәрігерлердің айтуынша бір жыл емделген адам, ұзақ уақыт есірткі пайдаланбай жүре алады, алайда қайта бастап кетуі де ғажап емес. Ең алдымен адамның күш жігері мықты болуы керек. «Жастардың есірткі пайдаланып жүргенін анықтау қиын емес. Себебі ол аз уақыттың ішінде өзгеріске ұшырайды. Олар ашушаң, дөрекі, кез-келген нәрсеге жаға ұстасып кетуге даяр тұрады. Егер ол үйге оралған үстінен темекіден өзге иіс шығып тұрса, есірткі тартқаны анық. Мұны оның көзжанарынан да байқауға болады. Олар қанталап, шөл қысқан соң қайта-қайта су ішкісі келіп отырады. Сабаққа бармай, қашып жүреді. Ал егер ол ине қолданатын болса, оның киімі өзін ұстап береді. Ондай адамдар ыстық суыққа қарамастан ұзын жеңді киіммен жүреді. Бұл әрекеттері ине шаншыған жерлерін айналасындағылар байқап қалмаса дегеннен туындайды»,-дейді дәрігер Зубайра Тастемірқызы. Өз-өзіне қарауды ұмытқан олар шаштарын өсіріп, киім киісіне назар аудармайтын да дәрежеге жетеді. Әбден еңселері түсіп, өмірге деген құлшынысы да өледі, ұзамай өзі де көз жұмуы мүмкін. Өйткені мұндай адамдардың өмір жасы ұзаққа бармайды. Гүлнұр Досбол