ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІ ЕМТИХАНМЕН АУЫСТЫРУДЫ ҰСЫНДЫ

Қолданыстағы гранттарды бөлудің жүйесі «жастардың шетелге кетуін» ынталандырады – «Ақ жол» партиясы талапкерлерді қорғап, ҰБТ-ны қабылдау емтихандарымен ауыстыруды ұсынды. Фракцияның тиісті сауалын министр Ерлан Cағадиевтің атына бүгін Дания Еспаева жолдады. «Қоғамда ҰБТ-ның нәтиже­лері мен гранттарды таға­йын­даудың адалдығы айнала­сын­дағы қызу талқылаулар тоқтар емес. Ата-аналар­дың өтінішінен, Сіздің министрліктің күш-жігеріне қарамастан, ҰБТ-да 110 және одан да көп балл жинаған, бірақ жоғары білім алу мүмкіндігіне ие бола алмаған көптеген түлектер бар», – делінген сауалда. Министрліктің түсіндір­месінің негізділігіне қарамастан (мамандықтар бойынша өтініштер беру теңгерімсіздігі, «Алтын белгi» иегерлерінің басымдылығы және т.б.) фракция депутаттары әңгіме ресми статистика туралы емес, ұл-қыздарымыздың тағдыры мен үмітінің үзілуі туралы екендігін еске салды. «Біздің жастар дарынсыз емес екені анық, өйткені 115-120 баллдан жинап тұр. БАҚ-тың мәліметінше, тек Астана қаласы бойынша ҰБТ-дан 120 баллдан жоғары жинаған 19 талапкер, таңдаған мамандығы бойынша грантқа түспеді. Сонымен қатар, ағымдағы жүйеге сәйкес олар техникалық мамандықтардың тапшылығы туралы хабарламаға қарамастан, басқа мамандық бойынша да грант алуға мүмкіндіктері жоқ, – деп атап өтті Еспаева. – «Өкінішке қарай, ҰБТ мен гранттарды тағайындаудың даулы сипаты, сондай-ақ осымен байланысты эмоциялық күйзелістер жылдар бойы жалғасып келеді және ол созылмалы мәселеге айналды». «Ақ жолда» бұл жағдайлар көптеген жастарды қосалқы қиындықтардан айналып өту үшін басқа да жол іздеуге шақыратын. Оған қоса, осындай мүмкіндіктерді, яғни мемлекеттік гранттарды Ресейдің, Чехияның, Қытайдың және басқа да елдердің жоғары оқу орындары ұсынып отыр. «Ratel.kz» сайтының мәліметі бойынша, биылғы жылдың өзінде ҰБТ-дан бас тартып, шетелдік гранттар бойынша білім алуға Қазақстанның 40 мың түлегі аттанды, бұл өз кезегінде түлектердің 30 пайызға жуығы! «Қолданыстағы гранттарды бөлудің жүйесі елімізден «жастардың шетелге кетуін» ынталандыратыны туралы – сауалда айтылған. – Және де ресейлік, еуропалық және қытайлық университеттер ҰБТ-ның қажетінсіз-ақ талапты жас­тарды іріктеп жатыр. Олардың арасындағы көптеген жас мамандар енді Қазақстанға оралмауы мүмкін». «Ақ жолдықтардың» ойынша, бұл мәселе жедел шешім қабылдауды қажет етеді. Осыған орай, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы: 1) 110 баллдан жоғары жинаған, бірақ таңдаған мамандығымен грант иеленбеген талапкерлерге келесі кезекте ҰБТ бойынша пәндер айырмашылығын тапсыру талабымен бөлінбеген гранттары бар басқа мамандықтар бойынша грант алу мүмкіндігін беру. 2) ҰБТ-дан бөлек, қабылдау емтиханы жүйесі арқылы жоғары оқу орнына түсудің баламалы нұсқаларын талапкерлер таңдауына енгізу мүмкіндігін қарастыру. 3) «Жастардың шетелге кетуін» алдын-алу және талантты ғалымдар мен жас мамандардың елге оралу бағдарламасын әзірлеу қажет деп есептейді. «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру және сайлаушылардың мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда. «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі