Атышулы Жамалиев түрмеде қыздармен көңіл көтеріп жүр - БАҚ
2017 ж. 31 тамыз
6195
8
“Время” газетінің тілшілері түрмедегі Қайрат Жамалиевтің VIP-камерада жатқанын анықтады. Бұл туралы басылымның эксклюзивті мақаласын stan.kz порталы қазақ оқырмандарына жеткізді.
Бұған дейін ІІМ-нің орынбасары Рашид Жакупов брифингте түрмедегілердің бәріне ортақ талап бар екенін айтқан еді. Алайда шын мәнінде олай болмай шықты.
2017 жылдың 5 тамызында түнгі уақытта Алматы облысы ЛА 155/14 колониясының басшысының кезекші көмекшісі Бауыржан Алтынханов аймаққа тексеру жүргізеді.
Алтынханов екінші бекетті маңынан екі қабы бар ер адамды көреді. Алтынханов оның ІІМ Ұлттық гвардиясының рота командирі, капитан Мукушевті екенін жазбай таниды.
«Рация арқылы хабарлап кезекшіден бұл адамды тінтуді, сөмкені тексеруді талап еттім. Бейнебақылау камерасы бар топ Мукушев екеуміздің көзімізше сөмкені ашты. Оның бірінде сусын, бірінде сыра бөтелкесі бар еді», – дейді капитан Алтынханов.
Мукушев мұны сотталушыға беру керек екенін, оған жоғарыдан бұйрық бар екенін айтты. Бұл Алматы облысы қылмыстық атқарушы жүйе департаменті (ҚАЖД) басшысының орынбасары Балабек Жүнісовтің Жамалиевке жіберген сыйлығы болып шықты.
Алтынханов жедел бөлімнің басшысы мен орынбасарын шақырғанымен, олар талапты орындаудан бас тартады.
Мукушев Алтынхановтың сұрауы бойынша сөмкені түрмеден әрі алып кетіп, ұялы телефонмен қайтып келеді. Ол капитанға осы үшін жауап бересің деп қоқан лоқы көрсетеді.
Ертесіне полковник Жүнісов ашулы күйде келіп, құрмет тақтасындағы Алтынхановтың суретін жыртып тастайды. Сурет тақтада 5 жылдан бері ілініп тұрған.
Алтынхановтың айтуынша, Ұлттық гвардия ротасының командирі заң бойынша ҚАЖД басшысының орынбасарына бағынышты емес, екеуі екі түрлі құрылым.
«Жүнісов түрмеге нені алып кіру керек, нені кіргізбеу керек екенін жақсы біледі. Ол заңды орындауды талап етеді. Бірақ өзі бұзады. Мен Жүнісовтің Жамалиевті қамқорлығына алғанын, заңсыз кездесу ұйымдастырғанын бірнеше рет естігем», – дейді ол.
Заң бойынша сотталушы тек туыстарымен ғана кездесе алады. Ал, Жамалиев сұлу бойжеткенмен ұзақ уақыт кездескен. Одан бөлек Жамалиев бөлек камерада отырады.
Алтынханов бұл жайлы бауыры Нұрланға айтады. Ол ҚАЖД-ның бұрынғы басшысы. Нұрлан ІІМ жеке қауіпсіздік қызметі департаменінің сенім телефонына қоңырау шалады.
Бұл жайттан соң кезекші бөлім жазбаша түрде жауап беретінін айтады. Кейіннен Нұрланға хабарласып, Жүнісов пен ҚҚД басшысы Қуат Оспановтың жақын таныстары екенін айтқан.
ҚҚД қызметтік тексеру жүргізбеген соң Алматы облысы ІІД-нің ҚҚБ басшысы Қожашева, Садыбеков пен прокурор Абдрахмановқа Алтынхановтың материалы бойынша рапорт жазылған.
«Маған тергеу жүріп жатқанын, жазбаша жауап беретінін айтты», – дейді Алтынханов.
Тілшілер полковниктің өзімен хабарласа алмады. Департаментте оның қысқа мерзімді демалысқа кеткенін мәлімдеді.