Террористің әйелі намаз оқудан бас тартты
2017 ж. 18 тамыз
2967
0
Сотталғанның жұбайы Аяулым Үмбетқұлова Алматы облысында өзінің ата-анасы, үлкен ағасымен өмір сүруде. Ол туралы бір жыл бұрын КТК арнайы хабарда сөз еткен болатын.
Аяулым үйінде жоқ болды, сондықтан да біз оның туысқанымен әңгіме қозғадық. Оның айтуы бойынша, террористті түрмеге жібергелі, одан ешқандай хабар жоқ.
- Менің білуімше, ол туралы ешқандай жаңалық жоқ, - дейді Caravan.kz корреспондентіне Аяулым Үмбетқұлованың туысы. – Біз тіпті ол түрменің қай облыста орналасқанын да білмейміз. Аяулым қазір Алматыда жеке компанияда жұмыс істеуде – таңертең кетіп, кешке үйіңе келеді. Оның балалары – ұлы мен қызы қазіргі сәтте бізбен бірге тұрады. Аяулымның әкесі мал жаюымен айналасып, қазір Бұрындайда мал шаруашылығы фермасында қызмет істейді. Анасы үйде.
- Сіз құдаларымен – Русланның ата-анасымен хабарласып жүрсіз бе? Олар өз баласы туралы айта ма?
- Жоқ, біз оларды ешқашан көрген жоқпыз. Тіпті Руслан мен Аяулым үйлену туралы шешім қабылдаған кезде де оның ата-аналары келген жоқ. Сіздер білесіздер ғой, қазақта солай ғой. Аяулымның ата-аналары да , біз де оларды ешқашан көрген емеспіз. Біз тек қана телефон арқылы хабардар болып отырдық – күйеуге шықты, Қызылорда облысына бет алды, бала туды. Бірақ арасында, әрине Аяулым бізге балаларымен келіп кетіп отыратын.
- Ал Аяулым қазір 5 уақыт намаз оқып жүр ме?
- Жоқ, белгілі жағдайлар болғаннан кейін, ол намаз оқуды қойды. Шындығын айтсам, Аяулымның әкесі мен ағасы бізге бұл мәселеге байланысты біреумен әңгіме етуді қатаң тыйым салды.
Еске сала кетейік, 2016 жылдың 18 шілдесінде Қызылорда тумасы, Руслан Күлекбаев Алматыда полицейлерге шабуыл жасады. Бұл оқиғада 10 адам қаза тапты, оның ішінде әйел адам полицейлерге шабуыл жасар алдындағы түнде өлтірілген болатын. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде хабарлағандай, тұтқындалушы бұдан бұрын жазасын колонияда өтеп жүріп, салафиттермен байланысқа түскен.
Руслан Күлекбаевке адамды бас бостандығынан заңсыз айыру; қарақшылық; бөтеннің көлігін иелену; қару жасау; қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттарды заңсыз иемдену, сақтау немесе алып жүру; қаруды жымқыру не қорқытып алу; адам өлтiру; терроризм актісі баптары бойынша айып тағылған болатын.
Сот үкімі бойынша қылмыскер өлім жазасына кесілді.