Екі жүз елу этникалық қазақ Қытайға депортациялануы мүмкін

Картинки по запросу көші қон

Екі жүз елу этникалық қазақ Қытайға депортациялануы мүмкін. Бұл туралы Қыдырәлі Оразұлы өзінің Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Зауытбек Тұрысбековке жазған ашық хатында айтты, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.

"20-шы шілдедегі телеарналардың ақпараты негізінде, Жамбыл облыстық көші-қон полициясы қызметкерлерінің кесірінен, заңды түрде керекті құжаттарын рәсімдеп, осы мекемеден алған ықтярхат құжатын, жармасыз деп танылуына байланысты, 250 қандастарымыз елден кетуге мәжбүр болып отыр.

Егер бұл қандастарымыз Қытайға депортацияланған жағдайда, олардың бірден түрмеге қамалатыны айдан-анық, себебі, дәл қазыр, Қытай құзырлы органдары жәй халықты, «Қазақстанға шыққаны үшін» сұраққа алып, алдын қамап жатқаны , тіпті Қазақстанда тұрып жатқан немесе оқып жатқан қазақтарды Қытайға кері шақырып, сұраққа тартып, Қазақстанға жібермей отырғанын шындық.

Сондықтан сізден, осы қандастарымыздың, Жамбыл облыстық көші-қон қызметкерлерінің кесірінен, жазықсыз, Қытайға департациялануын тоқтатуыңызды өтінеміз" - делінген ашық хатта.