ҚазҰУ-дің ДИЗАЙН мамандығына НЕГЕ ЕШКІМ ГРАНТҚА ИЕ БОЛМАҒАН?
2017 ж. 11 тамыз
21980
63

ҚР Білім және ғылым министрі Е.САҒАДИЕВ мырзаға!
Баспасөзде жарияланған МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТТАРЫН ИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ТІЗІМІ БОЙЫНША Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық Университеті журналистика факультеті Дизаин мамандығына ЕШКІМ оқуға ТҮСЕ АЛМАҒАН?
Сонда ҚазҰУ-да журналистика факультетінде дизайн мамандығы болмайтын болғаны ма? Дизайн кафедрасын жаппақшы ма? Бұл еліміздегі дизайн кафедраларының ішіндегі ғылыми-техникалық материалдық оқу базасы ең күшті кафедра ғой!
Бұған ҚазҰУ-дің дизайн мамандығы оқытушылары да жауап бере алмай, аң-таң... болып отыр..
ҚазҰУ-ге келген ата-аналар айқай-шу шығаруда. Ал университеттің оқу ісі жөніндегі басшылығы: "мұны біз шешпейміз, министрлікке хат жазыңдар" дейді.
Бұл "жұмбақтың" сырын кім айтып бере алады, құрметті Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырза?
Жоғары балл алып тұрып, жолда қалған талапкердің тағдырына жанашырлық танытады деп үміттенеміз.
Қазыбек ИСА
qazaquni.kz
