Белгілі депутат өз үйінде асылып қалды

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Терлікбаев өз-өзіне қол жұмсады. Ер адам соңғы хат қалдырмаған, оқиға орнында дене жарақаттары іздері табылмаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық прокурорының міндетін атқарушы Айдос Майлыбаевқа сілтеме жасап.

Депутаттың денесі 5 тамызда өз үйінен табылған. 61 жастағы Терлікбаев «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Луговское рельсосварочное предприятие» кәсіпорнын басқарған. Кәсіпорнында қаза қарсаңында тексеріс жүргізіліпті. Суицид дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша жүргізіліп жатыр.