Қыз зорлады деп айыпталған депутат ақталып шықты
2017 ж. 03 тамыз
2168
0
Сандықтаулық депутат сотта ақыры ақталып шықты. Ақмола облысында белгілі кәсіпкер әрі аудандық Мәслихат депутаты Алексей Джейранов қарамағында істейтін 21 жастағы есепші қызды зорлады деп айыпталған болатын. Атышулы іске қатысты сот оқиға болған Сандықтау ауданында емес, көрші Зерендіде өтті. Депутаттың онда да кінәсіз деп танылуына енді шағымданушы тарап қарсылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Оқиға осыдан екі жарым жыл бұрын болған. Ол кезде есепші қыз серіктестікке тиесілі Каменка ауылындағы мына ғимаратта жалғыз тұрыпты. Бас директор түн ішінде ақша керектігін сылтауратып келіп, тап берді дейді Наталья Буланова.
Наталья айтқанын дәлелдеу үшін арнайы сараптама жасатқан. Кейін жергілікті тергеушілерге де сенбей, сотты Сандықтауда емес, Зерендіде өткіздірген болатын. Тек депутаттың кінәсі мұнда да дәлелденген жоқ.
-Сот Джейранов Алексей Ивановичті ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабы, 1 тармағы бойынша кінәлі деп таныды.
Ақталып шыққан Джейрановтың өзі бұл шағымданушылардың артында үлкен мүдделі топ тұр деген сенімде.
Алексей Джейранов, Сандықтау аудандық Мәслихатының депутаты:
-Әділдік жеңді. Бұл топ екі жарым жылдан бері мені бопсалап жүр. Олармен қылмыстық топтың байланысы бар. Мұны мен білемін.
Ал Наталья депутатты сүттен ақ, судан таза қылып шығарған сотқа наразы.
Наталья Буланова, шағымданушы:
-Кеше кінәлі, бүгін кінәсіз бола ма? Олар неге бұлай істейді? Джейрановтың ақшасы көп. Құқық қорғау органдарының бәрі соған сатылды. Мен ары қарай шағымданамын. Президентке дейін жетем. Одан бәрі қорқады. Полицейлер оны «папа» дейді.
Екі тарап та бұнымен іс біткен жоқ деп отыр. Жәбірленуші әділдік іздейтінін, ал депутат өмір бойы қасықтап жинаған беделіме дақ түсірді деп Буланованың өзін сотқа сүйремекші.