Өскеменде жеті жасар қыз балаларды қорлаған екі педофил ұзақ мерзімге сотталды
2017 ж. 30 шілде
2051
0
Облыс орталығында орын алған екі қылмыстық іс бойынша айыпталған ер адамдар ұзақ мерзімге темір торға тоғытылды. Олардың бірі азаматтық некедегі әйелінің жеті жасар қызын зорласа, екіншісі арақ ішіп отырған бөтелкелесінің азаматтық некедегі әйелінің қызын қорлаған. Істі болған екі бірдей азамат та 27 жаста екен, деп хабарлайды buqara.kz.
Ішімдіктің буына әбден масайған ер адам үйде ешкімнің болмағанын пайдаланып, азаматтықнекедегі әйелінің жеті жасар қызына тиісіп, жыныстық қарым-қатынасқа итермелейді.Қаршадай қыз аянбай қарсыласқанымен, ер адамның жойқын күшіне төтеп бере алмады.Қызды ұрып-соғып, зорлаған ол бұл әрекетінен кейін ештеңе болмағандай ұйықтап қалған.
Сот барысында айыпталушы өз кінәсін мойындаудан бас тартты. Ер адам кішкентай қызбен ойнап отырып, барлығы кездейсоқ орын алды деп түсіндірді. Жәбірленуші қыздың анасы қылмыс болған уақытта ауруханада болған екен. Әйел адам азаматтық некедегі жұбайыныңкінәлі екеніне сенбейтіндігін жеткізді. Сондай-ақ, ол ер адам кішкентай баланы өз қызындайкөріп жүргендігін мәлімдеген.
Сот ісінде анықталғандай, бұл оқиғадан екі күн бұрын дәл осы пәтерде отбасылық ұрыс-керіс болып жатқандығы жайлы хабар құқық қорғау органдарына келіп түсіпті. Сотталушы сол кезде оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшыларын тыңдамай, оларды қорқытуға дейін барған. Сот шешімі бойынша, айыпталушы 17 жылға қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуге жазаланды.
Осыған ұқсас тағы бір жағдайда Өскемен қаласының тұрғыны көшеде бейтаныс ер адаммен танысып, оны ішімдік ішуге үйіне шақырады. Дәл осы уақытта пәтерде 7 жасар қыз бала болатын. Арада бір сағатқа жуық уақыт өткен соң, араққа тойып алған үй иесі ұйықтап кетеді. Ал, бейтаныс қонақ кішкентай қызға жақындап, тиісе бастайды. Оның бұл теріс әрекетінен шошынған қыз қарсылық танытқанымен, ер адам оның киімін қинап шештіреді. Педофил өзінің теріс әрекетін іске асырған соң, үйден қашып шығады. Алайда, ол үйден қашса да, жазадан қаша алмады. Дер кезінде келген құқық қорғау қызметкерлері оны қамауға алды. Сот айыпталушыға ішімдікке тәуелділіктен мәжбүрлі түрде емдеуге және 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.