ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАМПОЗОВҚА ЖАЛА ЖАПҚАНДАР ЖАЗАЛАНУЫ ТИІС! (видео)

117
15681

 

ЖАМПОЗОВТЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЖАРАЛАП, ӨЗІН ӨЗІ МЕРТ  ЕТУГЕ МӘЖБҮР  ЕТКЕНДЕР  КІМДЕР?

Сіздердің қол астыларыңызда не болып жатыр, Бас прокурор Ж.Асанов, Жоғары Сот төрағасы Қайрат Мәми,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы  Қ.Қожамжаров,  ҚР Ішкі істер министрі  Қ.Қасымов  мырзалар?

 

 

Кеше Ақмола облысы Целиноград аудандық прокуратурасында  прокуратура қызметкері Ж. Алибаев  пен аудандық ішкі істер  басқармасы тергеушісі А.Пішембаевты атып жаралап,  өзін АЛЖИР саяси қуғын-сүргін құрбандары мемориал-мұражайында атып өлтірген  Өмірбек Жампозовтың  ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевқа,  ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасы К.Мәсімовке жасаған видеоүндеуі жарияланды.

Видеодан алпыстың үстіндегі  абзал жан, ақадал ақсақалдың құқық қорғау орындары қызметкерлерінің наҺақ жаласынан күйіп кеткені айқын көрініп тұр.  Үндеуден білгеніміз,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы өңірлік басқармасы  басшысы Алмат Мырзалиев пен   тергеуші Бауыржан Сәдуақасовтың   кезінде «ҚазСуШар» мекемесі бас директоры болған  Өмірбек Жампозовты  ол өзі танымайтын, ешуақытта көрмеген бір кәсіпкер Серік Бижанов дегенге  «менен 30 миллион теңге пара алды» деген жалған арыз жаздырып алып,   тұтқындайды. Кейін бұл жалғандық әшкереленген соң,  одан да сорақы жаламен  «640 миллион теңгені топ болып, қажеттеріне жаратып жіберген» деген  айып тағады.

Негізгі кінәлілер, қылмысты жасағандар қылмысқа қатысы жоқ куәлерге айналып, миллиардтаған  мемлекет қаржысын жымқыруға жол бермеген  Жампозов бастаған  қызметкерлер «қылмысты» болып шыға келген. «Сондағы кінәміз олардың ырқына көнбеген, турасын айтқан, ашығын айтқанда, оларға пәре бермеген бізді соттағалы отыр» дейді Жампозов  өзін-өзі мерт етердің алдында  Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып Елбасыға арнаған, отбасы мен ағайындарына ақтарылған ашық үндеуінде.

Он балалы отбасында өмірдің барлық ыстық -суығын көріп өскен Өмірбек Жампозовты білетіндер оның адалдығы мен іскерлігін, тазалығын  баса айтады.   Өзіне тапсырылған жұмысты таза атқаратын, «Фольсфаген -пассат» көлігімен жүрген, Астанадағы  екі бөлмелі пәтерде тұратын Өмірбек Жампозовтан  ірі корупционер шығару кімдерге, не үшін керек болды?

«ҚР Бас прокуроры Жақып Асановтан ғана қолдау таптық, бірақ бас прокурордың нұсқауын финполиция құлағына да қыстырмай, істі сотқа өткізіп жібергенін» айтады марқұм.  Сотты  жүргізіп жатқан судья Төлеген Тұрғанбаев туралы марқұм: «Сот әділ төрелігін айтушы еді біздің түсінігімізше, ал біздің 5-6 айдың ішінде  көріп отырғанымыз, адвокаттарымыз да аң-таң  болып отырмыз, сот қаржы полициясы мен    айыптаушы прокурордың  жалдап алған соты сияқты» дейді таусылып.

«Шаруа қожалығына жүргізілген тексеру тек бір жақты ғана болды. Өмірбек Жампозовтың кінәсін дәлелдейтін айғақтар мүлдем жоқ. Тіпті, сараптаманың өзі 600 миллионның ұрлануы мүмкін емес екенін растады. Марқұм сот әділ болады деп айтып еді. Жеңіп шығатынына сенген.» –дейді  марқұмның адвокаты  Бақыт Қайыржанова.

«Жап-жас прокурор мен финполдар қанын ішіп бітті байқұстың. Жасы келген адам. Тексере береді тексере береді. Бұл жазығы жоқ адам жеп қойған ештеңесі жоқ» –дейді туыстары КТК арнасына берген сұхбаттарында.

Құқық қорғау орындарының барлығынан  әділеттілік таппай, амалы таусылған Өмірбек Жампозов ақырында құдайдың үйі  мешітке барып, ақтарылады. Арызын айтқанда бас имам Серікбай қажының:  » Құранда жала жабу деген ұғым бар. Әдетте шайтан жала жабады, оның жаласына құтылу қиын болады. Адам да жала жабады, оның жаласынан құтылу шайтанның жаласынан да өте қиын болады. Түсіңіз жылы азамат екенсіз, сіз айтқандар рас болса, әлі -ақ бәрі дұрыс болар» деген сөзіндегідей, шайтаннан бетер жалақорлар біздің қоғамға өте қауіпті болып тұр қазір. Сондықтан да Өмірбек Жампозов өлерінен бір күн бұрын 1937 жылдардағы жазықсы жаламен құрбан болғандардың  АЛЖИР саяси қуғын-сүргін құрбандары мемориал-мұражайына әйелін алып барып аралап, ертеңіне қоштасу хатын қалдырып, сол АЛЖИР мұражайында  өзіне қол жұмсап, мерт болуында да көп сыр жатыр… Сталиндік қуғын-сүргін мен біздің құқық қорғау орындарының жасап отырған заңсыздықтары арасындағы айырмашылық қандай?

Елбасыға жасаған келесі үндеуінде Өмірбек Жампозов 640 миллион теңгені жымқырды» деген айыптың негізсіз жала екенін нақты дәлелдермен, құжаттармен, екі жердегі екі – төрт дегендей қарапайым арифметиалық амалдармен дәл есептеп, мектеп баласына да түсінікті тілмен түсіндіріп береді. Адвокаты Б.Қайыржанованың айтуынша, мұнда қылмыстық негіз жоқ екені арнайы жасалған сараптама арқылы да анықталған. Сонымен бірге әрбір мемлекеттік тапсырыстан миллиардтаған қаржыларды үнемдегенін, істелген жұмыс көлемінен артық ақша қолды болуға жол бермегенін  нақты сандармен, құжаттармен дәлелдеп береді.

Әрине, біз бұл жерде Жампозовтың құқық қорғау қызметкерлеріне шабуылын ақтап отырған жоқпыз. Айтайық дегеніміз, әділ заң жұмыс істемегенде, әділетсіздіке қарсы заңсыз шара туатынына куә болып отырмыз. Қоғам куә болып, құқық қорғау органдарында қалыптасып кеткен, әдетке айналған  әділетсіздікке ашық қарсылығын танытуда.

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарымның  Жампозовты «Бүгінгі күннің Бақтығұлы» деуі тегін емес. «Күлікбаевты Жампозовпен салыстыруға да келмейді. Ақыры салыстыру керек болса, Әуезовті оқу керек. «Қараш-Қараш» дейтұғын шығарма бар, өлмейтін. 1968 жылы Болотбек Шамшиев фильм түсірді. Меніңше, Өмірбек Жампозов амалы таусылған соң, бір емес екі қылмысқа барған қазіргі заманғы Бақтығұл!»-дейді саясаттанушы. «Жампозовтың жанкештілігі – сот пен прокуратурадағы бассыздықтың  айқын көрінісі» -дейді танымал қоғам қайраткері, желтоқсаншы Гүлбахрам Жүніс  abai.kz  сайтында.  Барлығы да қайғылы оқиғаға құқық қорғау орындарын жайлап алған әділетсіздікті кінәлап жатыр..

«Өзі жоқтың көзі жоқ» деп, енді ертең осы қайғылы оқиғаға басты кінәлілер бәрін өмірден өткен Өмірбек ағамызға жабатын шығар. Тірісінде аямғандар өлісінде аянып қалар ма? Оған жол бермеуіміз керек!

Өмірбек Жампозовтың артына қалдырған бұл видеүндеулеріне қарап отырып, өмірде әділеттілік бар дегеннен түңілген жанның жанайқайын тыңдап отырып,  жаның түршігеді.

Арамызда жүрген бір арыс мемлекеттің қыруар қаржысын қорғап,  жемқорларға жегізбегені үшін жазықсыз жазаға ұшырап, өмірден шындық таппай, арпалысып, алысып,  ақыры мешітке дейін барды. Соңғы сөзін сотта емес, Елбасы мен елге айтып кетті….  Амалдың таусылуы ашуға ерік беріп, шарасыздық заңзыз шараға барғызды…. Жүрегіне ота жасатқан, қан қысымы өте жоғары  болған, денсаулығы әлсіз жанды  мемлекет мүддесін қорғаған адалдығы үшін азапқа салғандар Алланың алдында да, заңымыздың алдында да жауап беруі тиіс!

Біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз?

Сіздердің қол астыларыңызда не болып жатыр, Бас прокурор Ж.Асанов, Жоғары Сот төрағасы Қайрат Мәми, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы  Қ.Қожамжаров,  ҚР Ішкі істер министрі  Қ.Қасымов  мырзалар?

Құқық қорғау  органдары    құқық қорлау органдарына айналып кеткенін  білесіздер ме? Бұған кім жауап береді?

ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАМПОЗОВҚА ЖАЛА ЖАПҚАНДАР ЖАЗАЛАНУЫ ТИІС!

Бұл бұндай мәжбүрліктен болған қайғылы қанды оқиға қайталанбауы ішін,  қарапайым халықтың   құқық қорғау қызметкерлеріне сенімі қайта оянуы үшін, яғни билікке сенім үшін, қоғамның тазалығы үшін керек!

Әділеттілік таппай,  жаны күйгендердің бәрі Жампозовтың ісін қайталамауы үшін керек!

Марқұмның иманы салауат болсын!   Отбасы мен ағайын-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Өмірде тірідей тозақты көрген Өмірбек ағамыздың  алдынан жәннат есігі ашылғай…

 

Қазыбек ИСА

qazaquni.kz

 

 

КЛЕВЕТНИКИ НЕВИННОГО ЖАМПОЗОВА ДОЛЖНЫ БЫТЬ НАКАЗАНЫ!

 

Сын Омирбека Жампозова: Буду добиваться полного оправдания отца в суде

117 ПІКІРЛЕР

  1. Соңғы кездердегі біздегі заң жүйесі, сот дегендердегі былықтар адамдарды Үкіметке, үкімет басшысына, мемлекет басшысына деген сенімнен айырып барады. Неге Елбасы, Үкімет басы өз репутацияларына қара күйе жағып отырған осы былықтарды көре отыра үнсіз, бейтарап қалып ұстайды? Өздеріне деген халық сеніміне селкеу түсіріп отырған бұндай шірік жүйелерге неге жедел сауықтыру шараларын қолданбайды? Әлде ол кісілердің де қолдары байлаулы ма? Болмаса ол кісілер жоғарғы жақ тарапынан үнсіздік халық көкейіне түрлі күдіктер ұялататынын түсінбей ма екен?

  2. Жарайсыңдар, «Қазақ үні» ұлттық порталы! Дер кезінде әділетсіздікке қарсы үн қатып,, турасын жазғандарың дұрыс болыпты! Бас прокуратура Жампозов өліміне қатысты «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бойынша іс қозғады. Енді қоғамдық бақылауды күшейте беру керек.

  3. Өмірбек аға жаныңыз жəннетте болсын! Мейір-шапағат қара халықта бар аз болсада
    Құқық қорғаушылар жұрдай. 1986жылы 17-ші желтоқсан күні кешке біз қолға түстік(желтоқсан оқиғасы). Совет аудандық ішкі істер бөліміне қамады. Содан түнгі сағ2-де обл сизоға алып кетті 30-40 қазақпыз. Жанымызда орыс курсантар.жпткен соң пазик автобустан теуіп түсіріп жатты. Сол мезет үлкен қара мұртты кісі шығып қалды,ұрып-соғу тыйвлып қалды. Ішке кірдік,2 ярусты тақтайдан істелген үлкен камера екен. Жанағы ағамызда кірді,қасымызда отырып,айналайын қара көздерім мына документ болмаса менде араларыңда жүрер едім деп қызмет куəлігін көрсетті,жанары жасқа толып. Мені тыңдаңдар,ешқашан алаңда болдық деп айтпаңдар,ештеңе мойындамаңдар,сендерге ештеңе істей алмайды. Қорықпаңдар,аялдамсда автобус күткп тұр едік ұстап алды. Ұрып-соқты деп айта беріңдер деп бар ақылын афтты. Бəріміз əкеміздей қамқор болған кісіге риза боп жылапта алдық. Біз шығамыз деп ойламадықта. Содан ол кісі жиі хабар алып тұрды. Ол сол кездегі сизо бастығы мойор Бекқараев екен(ұмытпасам). Міне мейірімділік деген. Басқа жүргендердің бəрі (тергеушілер) басқа ұлт өкілдері. Сонда қорықпай бізге кіріп ақылын айтып,демеп жүрген ағамвзға риза болдық. 19-на шықтық-ау бірəқ 4-ші курстан шығарылдым оқудан. Кейкн Мұқтардай батыр ағамыз Мəскеу төрінде қасқафып тұрып қвзвқ халқын жаладан арашалап алған соң оқуды жалғастырвп бітіріп алдым ғой. Айтайын дегенім жаңағы ағамыздың мейірімділігі. Қазір ондай мейір-шапағат жоқ бізде. Тек дүние боп кетті. Тек өз басын ойлайтын боп кетті бəрі. Дүниең болмаса,құқығың қорғалмайды,тапталады.

  4. Рахмет, Ботагөз құнды пікіріңе. «ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ халықты сот пен пркурутурадан, құқық қорғау органдарынан қорғайтын, өлімге жеткізбей, соларды тыңдап, әділетке жетуіне көмек беретін бірлестік немесе қоғам құру керек,»-дегенің кезек кұттірмес мәселе болып тұр қазір. Ортаға салып шешетін тірлік екен, рахмет! Алла жар болсын!

  5. Не деген сұмдық, масқара,ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ сот, прокуратура, құқық қорғау органдарынының жүйеісін 100пайыз өзгерту керек. Халық енді қайда барып, әділет табады, қаншама біздің азаматтар әділетсіздік пен қорлауға ұшырап, азап шегіп жүр. Қазабек мырза, ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ халықты сот пен пркурутурадан, құқық қорғау органдарынан қорғайтын, өлімге жеткізбей, соларды тыңдап, әділетке жетуіне көмек беретін бірлестік немесе қоғам құру керек, оның ішінде МҰХТАР ШАХАНОВ, КАЗЫБЕК ИСА, АЙДОС САРЫМ, ДОС КӨШІМ,МҰХТАР ТАЙЖАН сияқты азаматтар болу керек. Өз еліңде кінәлі емес екеніңді тыңдар құқық қорғау органдарының құлағы болмаса, басар жерің, шығар тауың болмаса, өлімнен басқа шара қалмайды.

  6. Ертеңі Жампозов секілді парақор аррам шенеуліктердің қысымына ұшырағандар заңнан күдер үзіп мыңдап шықса қолдарына қару алып ар мен намысын қорғауға,шетелге қашып құтыласыңдарма оңбағандар?

  7. Өмірбек ағаның алды пейіш, арты кеніш болсын! Арыстай азамат күйіп кеткен екен ғой. Мақалама сайтта жүзден аса пікір жазылып, 6 мыңнан аса адам оқыды бір тәулікте. Сайттар көшіріп басуда. Фейсбукта да жүздеген пікір жазылып, 50 шақты адам көшіріп басты парақшаларына. бір тәулікте. Бәрі ашынып жазуда, құқық қорғау органдарының әділетсіздігін айыптап, кінәлілердің жазалануын талап етуде. Коррупция құрбаны Өмірбек Жампозов атында Коррупцияға қарсы мақалаларға сыйлық тағайындау туралы ұсыныс айтып жатыр оқырмандар сайтта, фейсбукта. Марқұмның иманы салауат болсын!

  8. Кінәлілер жазасын алуы тиіс. ІІМ қарап жатқан бұл іске қоғамдық бақылау орнатуымыз керек!

  9. Әділетсіздіктің құрбаны болған Өмірбек Жампозовтың атында Коррупцияға қарсы үздік мақалаларға сыйлық тағайындау туралы пікір орынды. Мен де қолдап, қосыламын.

  10. Екі көз бірін бірі көрмейді,екі құлақ бір-бірін естимейді,оң қол сол қолдың ісіне жауапты емес болып жатыр.

  11. «Құқық қорғау органдары құқық қорлау органдарына айналып кеткенін білесіздер ме? Бұған кім жауап береді?»-дейді. Тура айтылған сөз!

  12. «Сіздердің қол астыларыңызда не болып жатыр, Бас прокурор Ж.Асанов, Жоғары Сот төрағасы Қайрат Мәми, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы Қ.Қожамжаров, ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов мырзалар?» Сұрақты осылай төтесінен қоюкерек, дұрыс!

  13. Негізі Жампозов соңғы сөзін Елбасыға арнаған екен, Президент өз бақылауына алу керек бұл істі!

  14. «Жап-жас прокурор мен финполдар қанын ішіп бітті байқұстың. Жасы келген адам. Тексере береді тексере береді. Бұл жазығы жоқ адам жеп қойған ештеңесі жоқ» –дейді туыстары . турасын айтып отыр олар.

  15. Ата заңда жазылған,басты байлығымыз адам деп.сол адамның тағдырын ойыңшық қылғандарды не дейміз.

  16. Финпол басшысы Алмат Мырзалин мен тергеуші Бауыржан Сәдуақасовтар, прокурор Алибаев пен тергеуші Пішембаевтар, «30 млн пәре бердім»- деп жала жабуға көнген Серік Бижановтар бірінші жауап беріп, қатаң жазаларын алуы тиіс

  17. Адамның қоғамдағы орны түкке тұрмайтындай болды,бойындағы адами қасиетін қадырлемей, аяқ асты еттік. Сөз-дәлеліне құлақ аспай, кереңдіктік күйін кештік… Қоғамның негізін қалаушы- адам! Әр адам-ұлт өкілі. Халық-ұлттың тұтастығынан мемлекет құрайды. Халық, адам болмаса мемлекетте құралмайды, ендеше адамға құрметпен қарау, заңға сай бостандығын, құқығының бұзылмауын қорғау құқық қызметкерлерінің парызы, міндеті болып табылады!

  18. Адам өміріне кауіп төндіріп ақыры қайғылы жағдайға əкелді былтыр Кулекпаевта осындай жағдай басынан кешкен болуы керек оны ешкім тындған жоқ жас жігіт енді мына кісі Ел ағасы бұл кісіні не дер екен

  19. «Белгілі саясаттанушы Айдос Сарымның Жампозовты «Бүгінгі күннің Бақтығұлы» деуі тегін емес. «Күлікбаевты Жампозовпен салыстыруға да келмейді. Ақыры салыстыру керек болса, Әуезовті оқу керек. «Қараш-Қараш» дейтұғын шығарма бар, өлмейтін. 1968 жылы Болотбек Шамшиев фильм түсірді. Меніңше, Өмірбек Жампозов амалы таусылған соң, бір емес екі қылмысқа барған қазіргі заманғы Бақтығұл!»-дейді саясаттанушы. «Жампозовтың жанкештілігі – сот пен прокуратурадағы бассыздықтың айқын көрінісі» -дейді танымал қоғам қайраткері, желтоқсаншы Гүлбахрам Жүніс abai.kz сайтында. Барлығы да қайғылы оқиғаға құқық қорғау орындарын жайлап алған әділетсіздікті кінәлап жатыр..»Тура айтылған сөз!

  20. «Өзң жоқтың көзі жоқ» деп, енді ертең осы қайғылы оқиғаға басты кінәлілер бәрін өмірден өткен Өмірбек ағамызға жабатын шығар. Тірісінде аяиағандар өлісінде аянып қала ма? Оған жол бермеуіміз керек! » Тура айтылған, дер кезінде жазылған смақала!

  21. Тура, дәл жазылған! Бәріміз өзқарсылығымызды білдіруіміз керек бұндай адам өліміне соқтырған әділетсіздікке!

  22. Жемқорлық жайлаған қоғамда өз мүдесі ұшін өзгелердің тағдырын ойыншыққа айналдыратындар лауазымды қызыметте отыруы өкінішті, адлетсіздікке тап болғандар өздерін өртеп не асып өлтіргенше осы ағамызға үксап қайрат көрсеткені дұрыс қоғамда өзгеріс болар еді

  23. Бейбіт заманда,еліне,жеріне талай табыстар әкелетін шамасы барда қаншама атқарылмаған,тындырылмаған істері қалды,жүзеге аспаған жоспары,арман-мұраты қалды.
    Обалы қанішерлерге.
    Бұл қанды шеңгел иесін табады.
    Марқұмның жаны жай тауып,топырағы торқа болсын.өлмейтұғын бұлтартпайтын артында видео дәлел қалды.

  24. Жемқорлармен күрес мүмкін емес, балық басынан шіриді. Жоғарыда отырғандардың бəрі жемқор. Дейді сосын басқа жақтан кінəліні іздейді. Əділдікті сұрап қанша адам құрбан болды, солай жасамаса мəн бермейді ғой бұл үкімет.

  25. Ай, кайран агатайымыз шындык издеп шырылдап оз омирин шындык жолына тапсырдыгой. Сонда шындык ушын Жан беру керекпа бул когамда адилдик жок па окиништи Агамыздын жайы Жаннаттан болсын

  26. Ай кайран агатайымыз шындык издеп шырылдап оз омирин шындык жолына тапсырдыгой. Сонда шындык ушын Жан беру керекпа бул когамда адилдик жок па окиништи Агамыздын жайы Жаннаттан болсын

  27. адаида кенже актан деген шаиыр откен омирден сол бабамыздын болжау сози бар еди сол соз еске тусип отыр : асылдын сози журмеиди билгн елге жургзер адамнын жаман-томени асылдардан кун кетер колында болмаи дереги жаманга жаксы багынып камауда жапа шнгеди басышылары елимнин басына елдин тебеди торелик аитар билердин акша болар кореги

  28. Марқұм Өмірбек Жампозов ағаның жаназасы Таразда бүгін 11-де өтті. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!

  29. Мына мақалада басты кінәлілердің аттары жазылыпты. Бұлардың артында тұрғандар да бар, олардың да аттарын жариялау керек, жазалау керек!

  30. Қалық жемқорлардың ойнына айланып қорғансыз қалып отыр, жеке бұл емес қаншама жазықсыз жандар өмірімен қош айтысты обалы кімнің мойнында? Түп тамырымен қазатын кез келді жермен бірге жемқолықтыда көтере беру керек.

  31. Иә, дұрыс айтылған! Жампозовтың жаназасына бас прокурор Асановтан бастап жоғары сот төрағасы Мәми де, бас финпол Қожамжаров та, ішкі істер министрі Қасымов та барулары керек еді….

  32. Иә, дұрыс айтылған! Жампозовтың жаназасына бас прокурор Асановтан бастап жоғары сот төрағасы Мәми де, бас финпол Қожамжаров та, ішкі істер министрі Қасымов та барулаоы керек еді….

  33. Халықтың қарғысына,қаһарына ұшырадыңдар,қорлау,зорлау,бопсалау,
    әлімжеттік органдары, жеті аталарыңа дейін,үрім-бұтағына дейін лағінет.екі дүниеде бейкүна жанның жан жарасы жібермейді.

  34. Бұл Астананың іргесіндегі жағдай, ал шалғай аймақтардағы болып жатқан əділетсіздік адамды жанынан түңілдіреді.

  35. Ұлан деген оқырман: «Коррупция тақырыбында уздик мақала жазған журналистерге Өмірбек Жампозов атындагы сыйлық тагайындау керек» -деп жазыпты. Несі бар, коррупция құрбаны болып отырған адамның атында коррупция тақырыбындағы сыйлық болса, дұрыс..

  36. Коррупция такырыбында уздик макала жазган журналистерге Омирбек Жампозов атындагы сыйлык тагайындау керек.

  37. Мухтар Тайжан дурыс айтты фейсбукте. Жампозовтын жаназасына Асановтынтози бару керек. Асановта бет болса. Осыган дейн коргастынт карисин бир миллион доллар ап жаткан жеринен усталса да босатып жиберген еди прокурор мен судьялар. Сол кезде Арман Шораев Асановты жигит емессин деп атап еди. Мине енди Асановтын адамдары жазыксыз тулганы осындай иске итермеледи. Будан кейн сот пен прокурорларга кандай сеним болады.

  38. Марқұм, жақсы адам еді! Таза, адал кісі болатын. Сондықтан да әділетсіз жаланы көтере алмады. Жатқан жері жайлы болсын!
    Жауыздар жазасын алуы тиіс! Елдің көзін нақты шындыққа жеткізген Қазыбек ағамызға рахмет!

  39. Қайдан ұят бар оларда нақақтан жала жауып өлімге итерді ғой,ақыры түбіне жетіп отыр ғой

  40. Ой бизде бир сумдык болып кеттигой.Бундай палелер кашангы жалгаспак маскара гой.Калай осы кисинин олиминен кейин ана жигит сымактар мына омирде калай журеди екен.Уяаттары кыспай ма екен.Келе келе олардын алла тагала асыкпай жазаларын береди.Ал ана кисинин топырагы торка жаткан жери жайлы болсын.

  41. Немерелерінің қызығын көріп, ақсақал болам деген уақытта адам өзгеге де, өзіне де бекерден бекер қол салмайды.Қатты күйінген ғой. Жеткізген ғой осы жағдайға…

  42. Обал болған екен деп отыра беру қазақтың қанына сіңіп кеткен.
    Баяғы жартас бір жартас, бұл оқиға да ешқандай сабақ болмайды үкіметтегілерге

  43. Бұдан кейін құқық қорлау органдары туралы не деуге болады, тек ш… дегеннен басқа

  44. Жаны жаннатта болсын! Қорқа қорқа батыр боласың деген осы шығар. Бірақ кашанғы бір бірімізді өлтіре береміз. Тіпті түсінбеймін.

  45. Булай жазыксыз жала жабылды дегендер ютубда тола гой, жардем комек сурап жургендер, жазыгым жок деп, бундай жандарды коргайтын когамдык мекемелерде жеткиликти, сол когамдык мекемелердин зан бойынша кукыктарын котеру керек, сонда жогарыдагылар карапайым адамдардын коз жасын корип жан айкайын естир ма еди…

  46. Бул Агамыз Тири кезде неге осылай шуылдап Комек бере алмадык Екен.Кинасиз адал киси гой.Баска адам болса Тири журип Барлык Бак окилин шулатып осылай наззар аудартып .Осы маселене шешуге аркет етер еди ау.Аттен Омирден откен сон Жаксы адам .Рас айтып тур.Жазасын алсын киналилер деп шулап жатыр Агайын.катты окиниш.Заман осындай болган сон Шындык издеп шырылдаган арбир казакка комек беруге Асыгайык.Осылай орыны толмас окиништер кобеймей Турганда .

  47. Жемқорлар, адамдарды жазықсыз ойыншыққа айналдырған қанішерлерге өлім! Əділетті қоғам үшін барлық азаматтар жұдырықтай болып жұмылып, күреске шығатын кез келді.

  48. Бул біздің қоғамның, кулдырау кезеңі. Соның көрінісінің дәлелі. Осылай ойлаймын.

  49. SOS !!! БАРЫНША РЕПОСТ!!!
    ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАМПОЗОВҚА ЖАЛА ЖАПҚАНДАР ЖАЗАЛАНУЫ ТИІС! (ВИДЕО)
    ЖАМПОЗОВТЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЖАРАЛАП, ӨЗІН ӨЗІ МЕРТ ЕТУГЕ МӘЖБҮР ЕТКЕНДЕР КІМДЕР?
    Сіздердің қол астыларыңызда не болып жатыр, Бас прокурор Ж.Асанов, Жоғары Сот төрағасы Қайрат Мәми, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы Қ.Қожамжаров, ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов мырзалар? Тура, дәл жазылған! Бәріміз өзқарсылығымызды білдіруіміз керек бұндай адам өліміне соқтырған әділетсіздікке!

  50. Жаны жаннат болсын.маркум .отбасына кайғысына ортакпыз.Шет ауданының сыйлы.қадірлі тұрғыны болған жұбайы .бала шағасы аман есен болсын

  51. Прокурорда тергеуші судья үшеуіде Жазықсыз адамның өліміне себепкер болғаны үшін қатаң жазаға тартылуы керек Бірігіп адам бопсалап адам өліміне себепкер болғаны үшін Жағыдай осылай бола берсе қалық кімге сенеді.Құқық қорғау органының істеп отырғаны мынау болса Жазықсыз адамды қорғаудың орынында жалған жала жауып

  52. Ақмола обылсының құқық қорғау органдарымен, соған қатысты деген мемлекеттік орандарды, мемлекеттік комиссия құрылып тазалау жүргізбесе əліде талай бейуаз жандардың өмірі қиылуы бек мүмкін.

  53. Ұрда-жық, құқық қорғаушыларға xалық кектенбей қайтсін.Қоғам лағанат айтып отыр.Оларды кім тыяар? Мәңгі солай болмас,xалық оған жібермес!

  54. Өте өкінішті. Қайран қазағымның азаматы-ай! Ары таз,ақ екенің дəлелдеп кеткендей. Жаным ауырды. Əділетсіз қоғамда өмір сүріп жатырмыз. П. Шорабек

  55. Құқық қорғау орындарын !маңдайдан ұрғандай етіп жазылыпты! Авторға рахмет! Марқұмның жатқан жері жайлы болсын!

  56. заң шығарушы органдардан қорқады халық бұзақылардан емес,осылардың өзінен,сенбейді.
    өз қазағын жемтіктеп.бұлардың әрқайсысының желкесіне қарауыл қою керек болды.

  57. біздің елдегі жемқорлыққа қарсы күрес беталысы қалайғарай кетіп барады ,суды лайлап балық ұстап жүргендер кім ?»ұрыны «ұстауға ұры жендеттер шығыпты ғой ,олар өздерін өзі жаралап бейуазды аьқан-ау шамасы .

  58. қатты көңілім түсті, жан айқайын еститін адам болмаған ғой. Осы кісінің тірлігін жақсы зерттесе көп нəрсенің беті ашылатын сияқты. Бірақ қайдам ол ешкімге падасыз болып тұрған сияқты, жүйеге де қаяуын түсіреді.

  59. Финпол басшысы Алмат Мырзалиеа тергеуші Бауыржан Садуақасов судья Төлеген Тұрмағанбетов үшеуі қатаң жазалануы керек ғой құдайларын ұмытып кеткен ақша үшін адам өмірін қор ғып ұяттары жоқ

  60. Жемқорлар, адамдарды жазықсыз ойыншыққа айналдықған қанішерлерге өлім! Əділетті қоғам үшін барлық азаматтар жұдырықтай болып жұмылып, күреске шығатын кез келді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз