Бизнесмен Тоқмәдидің үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды - Бас прокуратура
2017 ж. 20 шілде
2093
5
ҚР Бас прокуратурасы азаматтардың арызы мен өтініштері бойынша бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ведомствоаралық тергеу тобының ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдік келіп отырған Тоқмәдиге қатысты соталды тергеу жүргізіп жатқаны белгілі. Күдіктінің үйін тінту кезінде қаржы құжаттары, айтарлықтай көлемде криминалдық қару, оқ-дәрі, жалған құжат және өзге де заттай айғақтар табылды. Азаматтардың арызы мен өтініші бойынша қосымша тергеу жүріп жатыр, Тоқмәдидің қылмыстық әрекеттерінің өзге де эпизодтары тексеріліп жатыр", - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі өкілдері.
Осыған дейін соттағылар Мұратхан Тоқмәдидің екі айға қамауға алынғанын хабарлаған еді. Еске салайық, белгілі кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиді Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің арнайы жасағы үйінен тұтқындап әкеткен болатын. 50 жастағы бизнесмен "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топқа жетекшілік еткен делінеді.