Есентаевтың қарындасы: Бақытбек 22 жыл бойы Баянның ата-анасын бақты
2017 ж. 07 шілде
12852
31
Бірер күн бұрын танымал тележүргізуші Мәдина Балғабаева құрбысы Баян Мақсатқызының су жаңа кітабына қатысты пікір білдірген еді. Балғабаева Есентаевтардың басына түскен жағдайды ауыр қабылдағанын, оларды әркез үлгілі отбасы санағанын жасырмады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бұдан өзге, түрмеде жатқан Бақытбек Есентаевтың азаматтығын атап өтіп, оның тезірек бостандыққа шығуын тіледі. Тележүргізушінің бұл жазбасы Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаеваның жүрегін елжіретті. Ол Мәдинаға жауап жазып, ағасының отбасылық өмірі жайлы азды-кем сыр шертті.
«Осы уақытқа дейін Баяным-Баяным деп келгендегі Баянның рахметі өте-өте ауыр болды. Сондағы сыйлығы 9 жыл түрме. Соған лайық па еді ағам?! Мадинка сен жақсы білесің ғой. Ағам да адам баласы, ажырасам деп алдын ала бір ауыз айтса болар еді ғой. Қандай адамның өмірін қор қылды. Әбден жетер жеріне жетіп алған соң. Қалай ұйықтап, қалай тамақтарынан ас өтіп жүр екен әке-шешесімен қосып таңғалам. Баянның әке-шешесін де қолына алып, бірге тұрды ғой 22 жыл. Мама папа деп асты-үстілеріне түскеннен басқа не жазығы бар еді», – деп жазды Нағима Есентаева.