Жүйрік ой - 3-тур

1. Мұхаммед /с.а.у./ пайғамбар айтыпты: «Адам баласына екі түрлі байлық берілген, бірі жыл өткен сайын арта береді, екіншісі кеми береді». Арта түсетіні – ақыл. Сұрақ: кеми беретін байлық не? 2. Қыстың суық бір күнінде бір ауылдың балықшылары балық аулауға теңізге шығады. Кешке қарай қатты дауыл соғып, күн күркірейді. Теңізге шыққан балықшылар жол таппай ауылға қайта алмай қалады. Ауылдағылар күте-күте ақыры шыдай алмай іздеуге шығады. Содан кішкене балалары ойнап жүрген үйлердің бірі түннің ортасында жанып кетеді. Біраздан кейін балықшылар үйлеріне аман-есен оралады. Ауылдастардың бәрі келген балықшыларды қуанышпен қарсы алса, араларында бір кісі көңілсіз болып қала береді. Бұл кісі өрттен үйі жанып, зардап шеккен балықшының әйелі болатын. Күйеуі: «Аман-есен келгеніме неге қуанбай отырсын десе», әйелі: «Қалай қуанайын, өмір бойы жиған-терген дүниеміз өртеніп кетті ғой» депті. Үйдің өртенгенің көрген балықшы болса: «Өртті бергенге мыңдаған шүкірлер болсын!» - депті. Сұрақ. Неге бұлай жауап берді деп ойлайсыз? 3. Өмірдің мәнін түсіну үшін дүниені аралап жүрген бір жас жігіт, барған-көрген елдердің бірінде аты танымал бір ғұламаға жолығады. Жолаушы бозбала ғұлама тұрған үйдің барлық қабырғалары кітаптарға толы екенін көреді. Кітап шкафтарынан, бір қабырғаның қасында ескі төсектен және бөлме ортасындағы домалақ үстелден басқа ешқандай жиһаздың жоқ екенін де көреді. Таң қалып, ғұламадан сұрайды: "Атағыңыз жер жарады, ал үйіңізде болса кітап, үстелден басқа ешнәрсе жоқ қой..." Ғұлама бұл сұраққа сұрақпен жауап берді: "Сенің арқанда кішкентай рюкзагін бар екен, балам, қалған заттарың қайда?" Саяхат жасап жүрген бозбала өзін ақтағандай: "Ата, мен жолаушымын ғой... көп заттың маған керегі не? Ал Сіз болсаңыз үйдесіз ғой" депті. Сұрақ. Ғұлама не деп жауап берген? 4. Ұлы Отан соғысы кезінде идеологиялық бақылаудың күшейгені белгілі. Жоғары шенді басшының хатшысы болып істейтін қыз бір қаланың бір әрпін қалдырып, қате жазғаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылады. Бұл сол уақытта сауаттылыққа соншалықты мән бергеннен емес қаланың қандай атаудан пайда болғанына байланысты еді. Сұрақ. Осы қаланы атаңыз? Жауаптарыңызды бірден осы жерге жазыңыз пікір қылып.