Жүйрік ой – 3-тур

7
1655

1. Мұхаммед /с.а.у./ пайғамбар айтыпты: «Адам баласына екі түрлі байлық берілген, бірі жыл өткен сайын арта береді, екіншісі кеми береді». Арта түсетіні – ақыл.

Сұрақ: кеми беретін байлық не?

2. Қыстың суық бір күнінде бір ауылдың балықшылары балық аулауға теңізге шығады. Кешке қарай қатты дауыл соғып, күн күркірейді. Теңізге шыққан балықшылар жол таппай ауылға қайта алмай қалады. Ауылдағылар күте-күте ақыры шыдай алмай іздеуге шығады. Содан кішкене балалары ойнап жүрген үйлердің бірі түннің ортасында жанып кетеді. Біраздан кейін балықшылар үйлеріне аман-есен оралады. Ауылдастардың бәрі келген балықшыларды қуанышпен қарсы алса, араларында бір кісі көңілсіз болып қала береді. Бұл кісі өрттен үйі жанып, зардап шеккен балықшының әйелі болатын. Күйеуі: «Аман-есен келгеніме неге қуанбай отырсын десе», әйелі: «Қалай қуанайын, өмір бойы жиған-терген дүниеміз өртеніп кетті ғой» депті. Үйдің өртенгенің көрген балықшы болса: «Өртті бергенге мыңдаған шүкірлер болсын!» – депті.

Сұрақ. Неге бұлай жауап берді деп ойлайсыз?

3. Өмірдің мәнін түсіну үшін дүниені аралап жүрген бір жас жігіт, барған-көрген елдердің бірінде аты танымал бір ғұламаға жолығады. Жолаушы бозбала ғұлама тұрған үйдің барлық қабырғалары кітаптарға толы екенін көреді. Кітап шкафтарынан, бір қабырғаның қасында ескі төсектен және бөлме ортасындағы домалақ үстелден басқа ешқандай жиһаздың жоқ екенін де көреді. Таң қалып, ғұламадан сұрайды: «Атағыңыз жер жарады, ал үйіңізде болса кітап, үстелден басқа ешнәрсе жоқ қой…» Ғұлама бұл сұраққа сұрақпен жауап берді: «Сенің арқанда кішкентай рюкзагін бар екен, балам, қалған заттарың қайда?» Саяхат жасап жүрген бозбала өзін ақтағандай: «Ата, мен жолаушымын ғой… көп заттың маған керегі не? Ал Сіз болсаңыз үйдесіз ғой» депті.

Сұрақ. Ғұлама не деп жауап берген?

4. Ұлы Отан соғысы кезінде идеологиялық бақылаудың күшейгені белгілі. Жоғары шенді басшының хатшысы болып істейтін қыз бір қаланың бір әрпін қалдырып, қате жазғаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылады. Бұл сол уақытта сауаттылыққа соншалықты мән бергеннен емес қаланың қандай атаудан пайда болғанына байланысты еді.

Сұрақ. Осы қаланы атаңыз?

Жауаптарыңызды бірден осы жерге жазыңыз пікір қылып.

7 ПІКІРЛЕР

  1. Жауаптарының бәрі табылып болды ғой деймін. енді жаңасы қашан шығады екен. жақсы басталып келе жатыр еді.

  2. 1. Қайрат.
    2. Өрт болмағанда әйелінің дүниені адамнан артық көретінін жаман ниетін білмес еді.
    3. Мен де жолаушымын ғой.
    4. СталинГад

  3. 1) Акыл мен ес болса керек.
    2) Тунгi орттiн салдары жол тапкызган болар.
    3) Бул омирге шаранадан жаланаш келип, тек 20метр актыкпен кетемиз. Ал, жиган тергенимиз, осирип еккенимиз артымызда кала береди. Ягни биримиз узак, биримиз камшынын сабындай кыска омирдин жол торабындагы жолаушы конак боп кана келип кетемиз..
    4) СталинРад-деп жазган болар.

  4. Бірінші-өмір
    екінші-Жаман нәрсенің барлығы осы отпен кетсін деген
    үшінші-бұл өмірде бәріміз жолаушымыз
    төртінші-Сталиннің есімімен байланысты, Сталинград

  5. 1. Кеми беретін байлық -уакыт, ягни адам жасы болу керек шамасы;
    2. Адасқандар шыққан өртті байқап, сол арқылы жол тапқан;
    3. “Мен де осы өмірге келген жолаушымын” деп жауап берген;
    4. Сталинград

  6. 1. Кеми беретін байлық денсалық болу керек шамасы;
    2. Адасқандар шыққан өрт арқылы жол туып келгн;
    3. «Мен де осы өмірге келгн жолаушымын» деп жауап берген;
    4. Сталиннің есімімен байланысты болу керек

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз